Халық санағы тағы кейінге шегерілді. 1Бұл шешімінің саяси астары жоқ»,- дейді Статистика комитетінің төрағасы Нұрболат Айдапкелов. Ол санақ 2020 жылы өтеді деді. Науқан кезінде жұмысқа 30 мың интервьюер тартылады. Оларға 60 мыңнан 85 мың теңгеге дейін жалақы қарастырылған. Сондай-ақ, бұл жолы олардың қолына планшет беріледі. Осылайша комитет қағазбастылықтан құтылып, цифрлы бағдарламалар көмегіне жүгінеміз деп отыр. Жалпы санаққа 9 млрд теңге қаралған.
Нұрболат АЙДАПКЕЛОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ СТАТИСТИКА КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Ол жерде біраз мәселелер болды. Дайындық барысы бойынша, ұйымдастыру бағыттары бойынша біраз сұрақтар туындады. Соған 20-шы жылға ауыстыру туралы сондай ұсыныстар бердік. Біз сол мерзімге сәйкес келеміз деп ойлаймыз. Сол үкімет шешім шығарғаннан кейін ары қарай сол жұмыстарды жалғастырамыз.
Н. Біләл