Сәуір айының соңына дейін Астана халықаралық қаржы орталығының Финтек Хабы «Visa» компаниясымен бірлесіп «Visa everywhere initiative» атты ірі қаржы бағдарламасына қатысушылар іздейді. Өтінішті тек Қазақстан компаниялары ғана емес, бүкіл Орта Азия елдері де бере алады. Ол үшін қаржы технологиясы сферасында дайын өнімі немесе идеясы болуы шарт. Ал жеңімпаздар 1 маусым мен 31-ші шілде аралығында инкубациялық бағдарлама аясында өз жобаларын «жетілдіруге» мүмкіндік алады. Толығырақ, Әлішер Өмірзақ жалғастырады.
Қаржы технологиялары Астана халықаралық қаржы орталығының дамытуға басымдық беріп отырған бағыттарының бірі. Fintech Hub өз алаңына салалық компанияларды тартып, оларға бизнесін дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұл алаңның құрылғанына 1 жыл болса да, қатысушыларының арасында 17-ден астам салалық қаржы және IТ компаниялар бар.
Ақбота БИЯРОВА, АХҚО FINTECH HUB БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Біздің мақсатымыз-қаржылық технологиялар саласындағы инновациялық жобаларды қолдау. Бұл бизнесті автоматтандыру. Қаржы саласында: Blockchain, жасанды интеллект, үлкен деректер, IT секілді технологияларды пайдалану
Fintech Hub өз қатысушыларына кәсіби кеңес, тәлімгерлік және тіпті өзінің серіктестері арқылы халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Ал «Visa» компаниясымен жасалған келісімнің арқасында Fintech Hub қатысушылары стартаптарын «толық» дамытуға мүмкіндігі бар.
Ақбота БИЯРОВА, АХҚО FINTECH HUB БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазір біз бірлесе отырып ұсынған жоба «Visa everywhere initiative». Бұл бағдарлама бірнеше айға есептелген. Оған дайын өнімі бар жас, дамыған және әзірге идея сатысындағы компаниялар да қатыса алады. Өтініштерді қабылдап бастағанымызға бір апта өткенімен, бүгінде 10 компаниядан өтінім түсті.
Сәуірдің соңына дейін өтінішті қазақстандық стартаптар ғана емес, Орталық Азия аймағындағы көршілер де бере алады. Сондай-ақ Сәуірдің екісі мен бесі аралығында Fintech Hub Стамбулда өтетін «Istanbul Fintech Week» іс-шарасына қатысады.
Ақбота БИЯРОВА, АХҚО FINTECH HUB БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Istanbul Fintech Week» апталығы - бұл жаһандық деңгейдегі іс-шара. Онда қаржы технологиясы саласындағы бүкілжаңалықтарды табуға болады. Біз онда Астана халықаралық қаржы орталығын және Fintech Hub-ты ұсынатын боламыз және бірнеше стартабымызды таныстырамыз.
Fintech аптасында ұсынылатын жобалардың ішінде Астана халықаралық қаржы орталығының ислам микрокредиттері мен консалтинг саласындағы «Ozara finance» компаниясы және ақша аудару, QR-кодтар арқылы қызметтер мен тауарларды төлеуді жүзеге асыратын «Aqsha» компаниясы бар.
Ә. Өмірзақ