Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Демократиялық күштер коалициясы астана атауының өзгеруін орынды шешім деді

AstanaTV
29.03.2019ж. 20:00
4979
Демократиялық күштер коалициясы астана атауының өзгеруін орынды шешім деді

Демократиялық күштер коалициясы бас шахардың «Нұр-Сұлтан» болып, аталғанын бірауыздан қолдайды. Аймақтарда белсенділер тарихи шешімге орай өз ойларын ортаға салды.  

Астана бүгінде адам танымастай өзгерді. Тіпті, маңызды халықаралық іс-шаралардың ордасына айналды. Оның Елбасының ерен еңбегінің арқасы дейді Алматыда бас қосқан партия белсенділері.   

Ақан БИЖАНОВ, «ФИЛОСОФИЯ, САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ДІНТАНУ ИНСТИТУТЫНЫҢ» ДИРЕКТОРЫ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Семей полигонын жабу арқылы ядролық қарудан бас тарту, өзге елдермен ынтымақтастықты, байланысты нығайту, төл теңгемізді енгізу арқылы егемендігімізді айшықтау. Экономикамыздың өсуі, Ұлттық қордың құрылуы. Осының бәрі Елбасының ерен еңбегі, өлшеусіз қосқан үлесі.

Қызылордадағы саяси күштер де бұл өзгеріске үн қосты. Олар Қазақстанның қарыштап дамуын елбасы еңбегімен байланыстырады.  

Бақытжан САЙЛЫБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚОФ ЖАНЫНДАҒЫ «МИРАС» ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕСІ: 

Мынау тәуелсіздік алған алғашқы қыстау кезеңнің өзінде елдің болашағын ойлаған Елбасы сол заманның өзінде әлімдегі ең іргелі жоғары оқу орындарында елдің келешек егесі жастардың білім алуына мүмкіндік жасайтын «Болашақ» бағдарламасын жасады.

Шымкенттегі Демократиялық күштердің жалпыұлттық коалиция мүшелері де бас қаланы «Нұр-Сұлтан» деп атауды қуана қарсы алған.   

Бахадыр НАРЫМБЕТОВ,«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Қаламыздың атын екіге бөліп Нұр-Сұлтан деп қойып отқанында да үлкен символикалық мән бар деп ойлаймыз. Себебі, «Нұр» дегеніміз Алланың нұры жаусын, біздің елге, біздің қаламызға, біздің елордамызға. Ал «Сұлтан» дегені елордалардың ішінде, астаналардың ішіндегі сұлтаны, қалалардың ішіндегі сұлтаны болатынына біз сенімдіміз.

Тобылдағы бастауыш партия ұйымы мүшелері де Тұңғыш Президенттің 30 жылда жасаған жұмысын саралады. Оның әлемдік тұлға екенін айтты. Елбасы іргесін қалаған бас қаламыз енді әлемдік брендке айналары сөзсіз, дегенді алға тартты.  

Ғабит СҮНДЕТБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАНГЕЛДИН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:  

Елбасы, Тұңғыш Президенттің жасаған еңбегінің ақтауы ретінде бүгінгі астанамызды Нұр-Сұлтан атауын беру өте орынды деп санайды және қолдайды. Бүгінге дейін жасалған еңбектерінің өтелуінің жемісі ретінде алған тәуелсіздігіміздің мәңгілік болуы ретінде бұл бренд деп есептеледі.

Елорданың «Нұр-Сұлтан» болып өзгергенін ақтаудағы партия мүшелері де бірауыздан қолдады. Жастар бұл өзгеріс тарихи шешім деп отыр. 

О. Нұржақып