«Nur Otan» Өзбекстанның Либералды-демократиялық партиясымен ынтымақтастықты жандандырмақ. Экономикалық, мәдени және гуманитарлық салада қарым-қатынасты дамыту жайында Мәулен Әшімбаев пен Өзбекстан Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Саидикрам Ниязқожаев кездесу барысында талқылады. Тараптар орталық және аймақтық деңгейде, сондай-ақ жастар ұйымдары арасында партиялық байланыс орнатуға келісті. Нәтижесінде екі ел арасындағы қарым-қатынас та жаңа деңгейге өтеді,-дейді спикерлер.
Мәулен ӘШІМБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мерзиеевтің саясаты арқасында біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынас бауырлас ел ретінде, стратегиялық тұрғыда да жоғары деңгейге жетті. Көптеген дүниелер де соңғы жылдары белсенді түрде іске асырылып келеді.
А. Өмірзақ