Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

«Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогін Шымкенттік жастар жеңіп алды

AstanaTV
02.04.2019ж. 20:00
3646
«Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогін Шымкенттік жастар жеңіп алды

Алматы облысында «Nur Otan» партиясының ауыспалы кубогіне арналған турнир өз мәресіне жетті. Биыл 17-ші рет ұйымдастырылып отырған пікір-сайыс алаңына республикамыздың барлық өңірінен 20-ға жуық команда келген. Бір топқа екі адамнан іріктелген 40 шақты азамат екі күн бойы әртүрлі тақырыпта ой жарыстырды, шешендік қабілеттерін сынады. Биыл кубок оңтүстіктен келген жастарға бұйырды.  

Серік НҰРҚАДІРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Өз ойларын, идеяларын, көзқарастарын, өз мақсаттарын, өздерінің болашақтағы іс әрекеттерін мемлекеттің, қоғамның болып жатқан дүниелеріне өздерінің пікірлерін білдіру мақсатында бұл қажет дүние деп есептеледі.

О. Нұржақып