Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қызылжарда мектеп оқушылары агротехникалық роботты жасап шығарған

AstanaTV
03.04.2019ж. 20:00
3104
Қызылжарда мектеп оқушылары агротехникалық роботты жасап шығарған

Қызылжарда мектеп оқушылары агротехникалық роботты жасап шығарған. Жас ғалымдар бүгін әмбебап қондырғының кішкентай үлгісін таныстырды. Автоматтандырылған машина егін алқаптарындағы барлық жұмыстарды өзі атқара алады. Мәселен, көкөніс пен дақылдардың кез-келген түрін егіп, топырақты тыңайтып, артынша егінді жинап алуға қауқарлы. Қондырғы алыс қашықтықтан басқарылады. Ауыл шаруашылығы роботының, қазіргі техникалардан ең басты өзгешілігі, ол - таза күн энергиясымен жұмыс істейді екен. Жаңашылдықтың авторлары бұл қондырғыны республикалық байқауға ғарыш машинасы ретінде дайындағандарын айтады. Алайда, кейін роботтың жұмыс аясын кеңейтіп, оны ауыл шаруашылығына да икемді қып құрастырған.  

Владислав КУПЕЦ, НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: 

Машинаның үстінде екі дрон бар. Егер, роботтың бір жері сынып қалса, дрондар қажет бөлшекті алып келеді. Машинаның алдында веб-камера орнатылған. Оның көмегімен адамдар машинаның жұмысын ара-қашықтықтан бақылап отырады. Болашақта оған бұрғыны орнату ойы бар. Бұл түрлі аймақтарда топырақты зерттеуге мүмкіндік береді.

А. Құрманкин