Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қызылжарда үш жүкті әйел қызылша ауруына шалдықты

AstanaTV
04.04.2019ж. 20:00
7282
Қызылжарда үш жүкті әйел қызылша ауруына шалдықты

Қызылжарда үш әйел қызылша ауруына шалдықты. Бұл жайында облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады. Аймақта жыл басынан бері аталған дертті 200-ден астам адам жұқтырған. Оның тең жартысы балалар,-деді сала мамандары. Науқастардың арасында үш жүкті әйел бар. Біреуінің ауруы асқынып, пневмонияға ауысқан. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың басым бөлігіне ауруға қарсы екпе жасалмаған. Қазір ақхалаттылар сәбилерге жаппай екпе жасауды қолға алды. Биылға 19 мың вакцина жоспарланыпты.

Нұрлан АЙМАН, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бір әйел он апталық жүкті баламен өте қатты қызылшамен ауырып қалып, оған біз республикалық санитарлық авиацияны шақырдық. Енді қазір жағдайын жақсартып, пульманология бөлімшесінде емін әрі қарай алып жатыр. Барлық ем пневмониямен біткесін, жүкті тоқтататын жағдайды шешуге тырысамыз. Өйткені, жүкті әйел қызылшамен ауырып қалатын болса, болашақта туылатын нәрестеде туа біткен аурулар болуы мүмкін. 

А. Құрманкин