Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

2023 жылға дейін барлық қазақстандық мектептерде виртуалды шындық зертханаларын ашу жоспарланып отыр

AstanaTV
04.04.2019ж. 20:00
7054
2023 жылға дейін барлық қазақстандық мектептерде виртуалды шындық зертханаларын ашу жоспарланып отыр

2023 жылға дейін барлық қазақстандық мектептерде «NURlab» виртуалды шындық зертханалары ашылмақ. Жобаны STEAM Academia командасымен бірлескен «Болашақ» қауымдастығы ұсынып отыр. «Nur Otan» партиясы бұл идеяға қолдау білдірді. Қазір елордада нөмері 73-ші мектепте осы зертхана жұмыс жасап тұр. Мұнда Z space технологиясы бар аппарат орнатылған. Экрандағы суретті көру үшін оқушылар арнайы көзілдірік киеді. Жоба авторлары тақтадағы дүниені визуализациялау тақырыпты терең түсініп, білім беру мүмкіндігін кеңейтеді деп сенеді. 

Абуталип МУТАЛИ, «STEM AKADEMIA» КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ: 

Біз білім және ғылым министрлігіне бұл жобаны даму жоспарына қосуды ұсынамыз. «NURlab»-тың барлық мектептерде болғанын қалаймыз. Сол арқылы олар тереңірек білім алатын болады.  

А. Өмірзақ