Қасым-Жомарт Тоқаев Ғарыш қызметі жөніндегі «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады. Қазақстан Президенті Ресей Федерациясымен ғарыш саласындағы, соның ішінде «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметі жөніндегі ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Кездесуде екі елдің бірлесуімен іске асып жатқан «Бәйтерек» жобасаның жай-жапсары сөз бодды. Рогозин «Прогресс-МС11» жүк кемесінің «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш стансасына сәтті ұшырылғанын мәлімдеді. Және жаңа рекорд орнатқандарын айтты.
Дмитрий РОГОЗИН, РФ «РОСКОСМОС» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Біз кеше әлемдік рекорд орнаттық. Бұған дейін көлік кемесі немесе экипаж Халықаралық ғарыш стансасына көп айналмалы сызба бойынша екі тәулік ішінде жететін. Кеше ғарыш кемесі Жерді екі рет айналды. Оның стансаға жақындауы және түйісуі 3 сағат 21 минут ішінде жүзеге асты. Мәскеуден Байқоңырға дейін үш сағаттай ұшамыз, енді Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасына да шамамен сонша уақытта жетуге болады.
М. Бақытқызы