$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Э.Тұрсынбаева әлемдегі ең көп ақы төленетін үштік тізіміне енді

AstanaTV
05.04.2019ж. 20:00
3040
Э.Тұрсынбаева әлемдегі ең көп ақы төленетін үштік тізіміне енді

Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева әлемдегі ең көп ақы төленетін үштік спортшылар тізіміне енді. Мұндай үздіктер жайлы мәліметті ресейлік «Советский спорт» газеті жариялап отыр. Қазақстандық фигуристтен жоғары қаржы алатындар қатарын ресейлік Алина Загитова мен Жапондық Рика Кихира бастап тұр.  

Элизабет Тұрсынбаеваның үштікке енуі Жапонияда өткен чемпионатта мүмкін болды. Қазақстандық спортшы осы додада қанжығасына күміс жүлде байлап, 47 мың АҚШ долларына ие болған еді. Одан бөлек, Еуропа мен өзге де мемлекеттерде өткен жарыстарда 16 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тапса, тағы 2 мың АҚШ долларын челендж сериясы бойынша алды. Осылайша бір маусымда фигурист қызымыз 67 мың АҚШ долларын жиып отыр.  

Ал, бұл тізімнің басында Ресейлік спортшы Алина Загитова. Оның табысы Элизабеттен екі есеге көп. Ал екінші орындағы Рика Кихира болса 101 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйақыға ие болған.  

Ал, Генадий Головкиннің жаттықтырушысы тосын жаңалығымен бөлісті. Қыркүйек айына жоспарланған жекпе-жектегі қарсыласы ауысуы мүмкін. Әлемдік БАҚ өкілдері мен жанкүйерлері Генадий мен Канелоның кезекті үшінші жұдырықтасуын күтіп отырғаны белгілі. Бірақ Абель Санчес сұқбаттарының бірінде қазақстандық кәсіби спортшы мексикалық боксшы Хайме Мунгиямен жекпе-жекке шығатынын айтты. 22 жасар WBO белбеуінің иегері Генамен шаршы алаңға шығуға дайын екендігін өткен жылы мәлімдеген. Жалпы кәсіби бокс шеберлерінің трилогиясы күзге жоспарланған. Бірақ ол кездесуге шығардан бұрын қос спортшы да бір бір кездесуден өткізуі тиіс. Мысалға мамыр айында Альварес Дэниел Джейкобспен жұдырықтасса, Головкин рингке 8-маусым оралады. Әзірге оның қарсыласы кмі болатыны жарияланған жоқ.  

Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері ерекше тәртіптік жазаға тартылды. Владимир Газеевке қарсылас команда өкілімен қол алыспағаны үшін қомақты айыппұл төлеу көзделеді. Мұндай шешімді қазақстандық футбол федерациясы қабылдап отыр. Оқиға 31-ші наурыз күнгі «Тобыл - Шахтер» кездесуінде орын алған. Сол ойында қостанай футбол клубының бас бапкері қарсылас командадағы әріптесімен қол алысуға ыңғай білдірмеді. Салдарынан Газеев 100 айлық есептік көрсеткіш есебінде, яғни, екі жүз мың теңгеден аса қаражатты айыппұл ретінде төлейді.  

О. Нұржақып