Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қарағанды қоқысқа толған

AstanaTV
06.04.2019ж. 20:00
2997
Қарағанды қоқысқа толған

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Нұрлан Ерикбаевич, что это такое? Мынау не, мынау? В этом году санитарное состояние... Я такую Караганду еще не видел.

Шын мәнінде қаланың шеткі аудандарында лас жерлер көп. «Облыс әкімі аралайды» дегенді ести сала жанталасқан коммуналдық мекемелер аулалардағы контейнерлердің жанында төбе - төбе болып үйіліп жататын қоқыстарды жинап үлгермей қалған. Е.Қошановтың рейдке шыққаны былай - Майқұдық және Пришахтинск шағын аудандарында тұратын халық тұрмыстық қалдықтардың дер кезінде жиналмайтынын жергілікті әкімдіктерге жаза-жаза шаршаған. Сосын жұрт суретке түсіріп, желілерге жиі салатын болды. Сонымен бірге тротурадың, ауланың жоқтығына, ол болса жарықтандыру жүйесінің орнатылмай кеткеніне шағымданушылар көп. Тұрғындар наразылығынан кейін аулаларды аралап шыққан облыс әкімі қала басшысы Нұрлан Әубәкіровке сөгіс жариялапты...

Ерлан ҚОШАНОВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

Знали что я еду сегодня вот начали убирать. А так бы еще месяц никто не убирал... Бүкіл Майқұдық осындай. Октябрь ауданы әкімі қызметіне сай жұмыс істей алмаған. Ал Нұрлан Ерікбайұлы, сізге сөгіс жариялаймын. Қаланың санитарлық жағдайы өте жаман. Бір апта уақыт беремін. Осы мерзімде екінші рет аралап өтемін. Ол кезде басқаша шара қолданамын. Бюджеттен «100 аула» бағдарламасына ақша бөлдік. Нәтижесінде тұрғындардан алғыс естиміз бе десем, керісінше сынға қалып жатырмыз. Сонда бұл бастаманың пайдасы не? Одан да ақшаны Жезқазғанға, Балқашқа бөлу керек еді...