Ал, Ақтөбе облысы әкімдігі биыл имидждік шараларға шығынды үш есеге азайтқан. Қазынадан әкімдердің көлігін жаңартуға да қаражат қаралмапты. Былтыр түрлі көрме, форум, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне 40 миллион теңгеге жуық ақша бөлініп, 13 ауқымды шара өтті. Биыл имидждік шаралар он үштен жетіге дейін қысқарып, жиырма миллион теңге қаражат бөлу жоспарланып отыр. Былтыр облыстық бюджет есебінен 12 аудан әкімі мен бес облыс әкімі орынбасарлары, басқарма басшыларының көліктері жаңартылған. Болашақта әкімдік шығынды азайту үшін көліктерді сатып алмай жалға алу жағын қарастыратын болады.
Гүлқасима СҮЙІНТАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Соңғы жылдары облыстық бюджеттен біз 283 миллион теңге қаражат бөліп, 26 автокөлік сатып алдық. Барлық көліктер отандық тауар өңдірушілерден алынды. Бұл жолы 2005-2006 жылдан бері қолданыстағы тозған көліктер жаңатылды. 2019 жылдың жоспарында әкімдіктің автокөлік паркін жаңарту немесе жихаз сатып алу қарастырылмаған. Біз барлық шығынды қысқарттық.
Б. Рахметова