Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Атырауда 30 млн теңгеге қайта жаңғыртудан өткен үйдің шатыры ұшып кетті

AstanaTV
12.04.2019ж. 20:00
2915
Атырауда 30 млн теңгеге қайта жаңғыртудан өткен үйдің шатыры ұшып кетті

Атырауда 30 млн теңгеге қайта жаңғыртудан өткен көпқабатты үйдің шатыры ұшып кетті. Абырой болғанда адамдар аман. Шатыр қатты желге шыдас бермеген. Шамамен 125 шаршы метр жабынды автокөлік жолына құлады. Жолдан өтіп бара жатқан екі көліктің төбесіне түсті. Жолдағы құрылыс материалдары жиналғанша, үш сағат бойы автокөлік қозғалысы тоқтатылды. Ал, қоғамдық көліктер жолды айналып өтті. Әкімдіктегілер шығын көлемін есептеуде. Ал, шатыр мен көліктерді шығынын кім өтейтінін комиссия анықтайды,- дейді.   

Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл үй 2012 жылы термомодернизациядан өткен бағдарламасынан. 2 жылдың ішінде кепілдік мерзімі өтіп кетті. 2014 жылы. Қазіргі таңда әкімдік жанынан арнайы комиссия құрылып, қандай зақым келтірді, қандай шығындар шығатынын анықтайтын болады. Ары қарай заң жүзінде қалай соны ұйымдастыратын айтатын боламыз.  

Тұрғындардың айтуынша, үй 33 жыл бұрын пайдалануға берілген. Ал 2012 жылы қайта жаңғыртудан өтіпті. «Гаджиев» жеке кәсіпкерлігі 100 пәтерлік бес қабатты үйді 29 млн 500 мың теңгеге қайта жаңғыртқан. Алайда, тұрғындардың құрылыс жұмыстарына бірден көңілі толмапты. Бірнеше рет ескерту жасағанмен, ойдағыдай істемеді,- деп еске алады. Сонда да, мұндағылар 10 жыл бойы пәтерінің көлеміне байланысты жөндеу ақшасын төлеуге мәжбүр.  

Роза САҒАТОВА, ТҰРҒЫН: 

Керісінше қайта жаңғыртамыз деп, бұрынғы жағдайынан айырылып қалдық. Баспалдақтарды өзіміз жасадық. Менің үйім 3 бөлмелі, ортада орналасқан. Сондықтан, айына 4 мың төлеймін. Он жыл бойы. Әлі бірнеше жыл төлеуім керек.

Б. Нәдірқызы