Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

«Сарыарқа» хоккей клубының қарағандылық жанкүйерлері ақтық ойынға билет ала алмай жүр

AstanaTV
17.04.2019ж. 20:00
3492
«Сарыарқа» хоккей клубының қарағандылық жанкүйерлері ақтық ойынға билет ала алмай жүр

«Сарыарқа» хоккей клубының қарағандылық жанкүйерлері ақтық ойынға билет ала алмай жүр. Таңертеңнен бері «Қарағанды-Арена» спорт кешенінің алдында ұзын-сонар кезек болғанымен, билетке қолы жеткендері аз. Тұрғындардың айтуынша, «Рубин» және «Сарыарқа» хоккей клубтары кездесетін Жоғарғы Хоккей Лигасының плей-офф ақтық ойындарына билет бүгін таңертеңнен сатылымға шыққан. Алайда «Тикетон» арқылы онлайн билеттер алу мүмкін болмай отыр. Аталған сайт таңертеңнен бері дұрыс жұмыс істемейді. Ал «Сарыарқа» клубы бос билеттер кассада да, сайтта да жеткілікті деп отыр. Жанкүйерлерге сабырлық танытып, кезек күтуге кеңес береді. Айта кетейік, Қарағандыдағы матч 20-21 сәуірде өтеді.  

Наталья ПАВЛОВА, ЖАНКҮЙЕР:

Өз командамызға жанкүйер болу үшін келдік. Ақтық ойынға өзімізге де, достарымызға да билет алуымыз керек. Қатты уайымдап жүрміз. «Сарыарқа» тек алға, біз сіздермен біргеміз! Жеңіс тілейміз!

Андрей МАКАРОВ, ЖАНКҮЙЕР: 

Біздің команда күшті. Көп демалғандықтан бірінші кездесуде жеңіліп қалды. Бүгін жеңеді, сосын тағы бір ойында ұтса, кубокты «Сарыарқа» алады. Бос тұрған жоқ шығармыз.

А. Қуаш