Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Ақтөбедегі көпбалалы отбасы бөбектері үшін балабақша бағасы жетпіс пайызға төмендетілмек

AstanaTV
18.04.2019ж. 20:00
2851
Ақтөбедегі көпбалалы отбасы бөбектері үшін балабақша бағасы жетпіс пайызға төмендетілмек

Ақтөбеде әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылар үшін балабақша ақысына 70 пайыз жеңілдік жасалмақ. Бұл туралы бүгін «Nur Otan» партиясының облыстық филиалында өткен қоғамдық қабылдауда белгілі болды.  

Ләззат ОРАЗБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Өздерінің негізгі растайтын құжаттары негізінде көп бала болатын болса, 11 теңге төлейтін болса, соның тек 3 мыңын төлейді. Қалғанын балабақшаға Үкіметтен бөлінеді.

Қазір осы жеңілдіктерге құжат қабылдау басталды. Мұндай мүмкіндік «Халыққа көмек» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Аталған жоба іске қосылғалы екі айдың ішінде 105 арыз-шағым түскен. Оның қырық пайызы жедел шешімін тауыпты. Партия өкілдерінің айтуынша, көмек сұрап келетіндер көбіне баспана, жұмысқа орналасу және жәрдемақы тағайындау мәселелері бойынша келеді.

Б. Рахметова