Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Жыл басталғалы 300-ден астам Қазақстан азаматы жұмыс орнында жарақат алған

AstanaTV
19.04.2019ж. 20:00
2760
Жыл басталғалы 300-ден астам Қазақстан азаматы жұмыс орнында жарақат алған

Жыл басталғалы 300-ден астам Қазақстан азаматы жұмыс орнында жарақат алған. Бұл былтырғы осы мерзімдегі көрсеткіштен 4 пайызға көп. Бүгін «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамту және тұрғындардың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдау» бағыты бойынша комиссияның мүшелері осындай мәліметтермен бөлісті. Депутаттар елордадағы тігін кәсіпорнында көшпелі отырыс өткізіп, жұмысшылардың еңбек жағдайымен танысқан. Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекованың сөзінше, Қазақстанда жұмысшылар 100 пайызға заңмен қорғалған. Тек еңбек шартына қол қоймас бұрын оны мұқият оқып шығу керек.

Жанат ОМАРБЕКОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Біз заңнамалық деңгейде бәрін бақылап отырамыз. Жол картасы әзірленген. Ондай құжатты әрбір өндіріс орнында жасау керек. Сонда еңбек адамының құқы жан-жақты қорғалады. Біз қауіпсіз өндіріс орнына ғана емес, жұмысшылардың арнайы формамен қамтамасыз етілуіне де назар аударуымыз керек.

Ал Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов жауапты министрлік ай сайын Еңбек қатерлері картасын жасап отыратынын айтты. Осы айда оған 200-ге жуық проблемалық кәсіпорын кіріпті.

Д. Қайыртай