Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

«Сәтті қадам» жобасы аясында студенттермен жүздесу өтті

AstanaTV
02.11.2017ж. 20:00
2753
«Сәтті қадам» жобасы аясында студенттермен жүздесу өтті

Жұмысшы мамандардың жетіспеушілігі қиындық тудыруда. Сондықтан техникалық мамандықтар бойынша білім алу үшін кәсіби оқу орындарына қабылданған студенттерге ерекше жағдай жасалмақ. Яғни олардың осы салада табысты жұмыс істеуіне үкімет бар жағдайды жасауға әзір.

«Нұр Отан» партиясының «Сәтті қадам» жобасы аясында Астана қаласындағы нөмірі 6-шы техникалық колледждің студенттерімен кездесу өтті. Басқосуға Елорданың айналасын жасыл орманмен көмкерген «Жасыл аймақ» республикалық-мемлекеттік кәсіпорынының директоры мен өзге де сала өкілдері келген. Мамандар студенттермен ашық жарқын әңгіме жүргізіп, жастарды толғандырған сауалға жауап берді. 

Ахмет Сейітов, «Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалы төрағасының орынбасары:

Жұмысшы мамандығы дейміз ғой, сол қазір азайып қалды. Азпазшы да керек бізге, тракторшы, токарь болсын, осындай маманға балаларды баулитын жастар колледждің студенттерін біз экскурсияға апарамыз. Өткенде тігін зауытында болды, сосын насосный завод, тағы да вагон жөндеу зауытында болды. Олар оқу бітіргеннен кейін әрі қарай жұмыс табуға оңай болса дейміз.