Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Н. Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» атты форумға қатысады

AstanaTV
22.04.2019ж. 20:00
2582
Н. Назарбаев «Бір белдеу, бір жол» атты форумға қатысады

Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті. Елбасы барша Қытай халқын Қытай Халық Республикасының 70 жылдығымен құттықтап, зор табыс және бақ-береке тіледі. Чжан Сяо Нұрсұлтан Назарбаевқа Төраға Си Цзиньпиннің зор ілтипатын жеткізді. Ол ебласыны 37 мемлекет пен үкімет басшылары қатысатын ауқымды халықаралық шара - «Бір белдеу, бір жол» атты екінші форумға құрметті қонақ ретінде шақырды.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ:  

Сізбен жүздескеніме қуаныштымын. Төраға Си Цзиньпиннің бірлескен жұмыстарымыздың нәтижелері мен перспективалары талқыланатын «Бір белдеу, бір жол» атты форумға қатысуға шақыруын ризашылықпен қабыл алдым. Сонымен қатар, біз жеті жыл бойы өзара түсіністік рухында бірлесе жұмыс істеген Қытай Халық Республикасының Төрағасымен келіссөз өткізу жоспарланып отыр.

М. Дюсекина