Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Мемлекеттік тілде емтихан тапсыратын кандидатқа қатаң талап қойылмайды - М.Жолдасбеков

AstanaTV
22.04.2019ж. 20:00
3269
Мемлекеттік тілде емтихан тапсыратын кандидатқа қатаң талап қойылмайды - М.Жолдасбеков

Мемлекеттік тілде емтихан тапсыратын кандидатқа қатаң талап қойылмайды. Бастысы терең білімін көрсетіп, қазақ тілін еркін меңгергендігін дәлелдеуі шарт. Бұл туралы Лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков орталық сайлау комиссиясында өткен жиында айтты. Емтихан кезінде үміткер 3 кезеңнен өтеді. Алдымен ұсынылған тақырыпқа көлемі 2 беттен аспайтын жазбаша тапсырма жазуы қажет. Көлемі 3 беттен аспайтын баспа мәтінін оқып, кемінде 15 минут көпшілік алдында сөз сөйлеуі тиіс. Мырзатай Жолдасбеков бұдан бөлек есте қалған үздік кандидат туралы да айтты.  

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫ:  

Есте қалған ең үздік кандидат Нұрсұлтан Назарбаев болатын. Оның сұрақтарға терең әрі мағыналы жауап берген. Шығарманы туған жер, Отан тақырыбына арнаған еді.

Ал Орталық сайлау комиссиясының төрағасы бұл жолы ОБСЕ тарапынан саяси додаға қатысты ешбір сын болмау қажет, деді. Берік Имашев аймақтардағы учаскелерге осындай тапсырма берген. Әрі сайлаудың халықаралық бақылаушылар назарында болатынын ескертті. Еске салайық, дауыс беруге құқы бар азамат 10 мамырдан кешікпей жергілікті сайлау органына тіркелуі қажет.

А. Бектас