$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қ. Тоқаев Елбасы саясатын жалғастырады - Съезд делегаттары

AstanaTV
23.04.2019ж. 20:00
3067
Қ. Тоқаев Елбасы саясатын жалғастырады - Съезд делегаттары

Ал съезд делегаттары Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының саясатын жалғастырады деп сенеді. Яғни, бұған дейін бастау алған ірі бағдарламалар тоқтап қалмайтынын алға тартады.  

Амандық БАТТАЛОВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: 

Әлемге танымал кісі ғой, дипломат кісі. Сондай адамға Президенттік жұмысты ұсынып, кандидат қылып айтып жатқаны қандай керемет. Қолдаймыз, көмектесеміз.

Рахман АЛШАНОВ, ҒАЛЫМ: 

Елбасының басқаруымен осы жылдары елімізде көп жақсылықтар жасалды. Экономика өсті. Жаңа салалар ашылды. Білім саласы дамыды. Ауыл шаруашылығы көтерілді. Қарым-қатынастар нығайды. Соның бәрі жетістіктер. Енді біз соны жалғастыруымыз керек.

Партияның XVIII кезекті съезінде алдағы он жылдық жоспар бекітілген еді. Онда әлеуметтік мәселелердің шешілуі басты назарға алынған. Кезек күттірмейтін жастарды қолдау мен тұрғын үй проблемасын жою жолдары ұсынылды. Жаңа буын сол сабақтастықты түсінуі керек дейді, делегация мүшелері.  

Ғалым ҚАЛТАБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТАЛАС АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Қазіргі партия саясаты - Елбасымыздың саясатын одан әрі жалғастыру. Стратегиялық мақсатымыз - дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Осыған жету үшін партиямыздың алға қойған «Бақуатты қоғам: он жылдықтың он мақсаты» атты бағдарламаны жүзеге асырып, бар күшті салып мақсатқа жетеміз деп ойлаймын.

А. Сейфулла