Негізгі / Жаңалықтар / Түркістанда атаулы әлеуметтік көмек алуға ниеттілер шу шығарды

Түркістанда атаулы әлеуметтік көмек алуға ниеттілер шу шығарды

Түркістанда атаулы әлеуметтік көмекке құжат өткізген бір топ ана, ақшасыз қаламыз ба деп алаңдап отыр. Айтуларынша, әлдеқашан өткізген өтініштері апта өтсе де базаға тіркелмеген көрінеді. Мына бейнежазбаны өздері түсіріп жіберген аналар жазылған арыз бен жеке куәлігінің көшірмесін үйілген құжат арасынан іздеп әлек.  

-Міне, әр құжат әр жақта шашылып жатыр. Кімнің құжаты екенін білмейсіздер. Қабылданбаған құжаттар бұлар.

Ал Түркістан қалалық жұмыспен қамту орталығы басшылары бұл азаматшалардың компьютерге енгізілгелі тұрған құжаттарды өздері жапатармағай талап, жерге де шашып тастағанын алға тартуда. Айтуларынша, ортадағы көк үстел маманның артында тұрған. Тұрғындар жұмыс істеп отырған қызметкердің артына рұқсатсыз өтіп кетті деген уәж келтіріп отыр. Ал базаға не себепті кеш тіркеліп жатқанын қалада өтініш берушілер санының үш есе артуымен байланыстырып отыр. Орталықтың дерегінше былтыр 3 085 адам атаулы әлеуметтік көмек алыпты. Ал 1 сәуірден бері 22 күн ішінде 8 907 адам өтініш тастаған. Соның тек 4 768 -і ғана базаға енгізіліп үлгерген. Дегенмен, талапқа сәйкес әр адамға 20-30 минуттай ғана уақыт жұмсалып жатқанын айтты.  

Нұртөлеген ИБРАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: 

Біздің есебіміз бойынша 5 мың құжат қабылдануы тиіс еді. Бір отбасыда үш адам тұратын болса мысалы келіні, енесі, тағы бір келіні тұратын болса үшеуі үш арыз тастаған. Негізі олар бір ақ өтініш беруі керек еді, үшеуі үш жерге тастаған. Ал оны біз қайтып тауып біріктірген кезде отбасына комиссия барған кезде үшеуі бір отбасында тұратын адамдар, олар табысын көрсетпеу үшін істеді ма ол өздеріне байланысты.

А. Төребекқызы