Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Шри-Ланка үкіметі ланкестік шабуыл қаупі туралы алдын-ала білген - CNN

AstanaTV
23.04.2019ж. 20:00
3909
Шри-Ланка үкіметі ланкестік шабуыл қаупі туралы алдын-ала білген - CNN

Шри-Ланка үкіметі ланкестік шабуыл қаупі туралы алдын-ала білген. Бірнеше апта бойы осындай ақпарат алып отырған. Бұл туралы CNN ел үкіметінің өкілі Раджит Сенаратнеге сілтеме жасай отырып хабарлады. Арнайы қызмет пен күштік құрылымдарға қауіптің бары жайындағы ақпараттар 11 сәуірде құжат жүзінде келіп түскен. Тіпті, жарылыс жасауы мүмкін деген күдіктілердің тізімдері де көрсетіліпті. Ал Шри-Ланка билігі ең соңғы ескертуді алғашқы жарылыстан 10 минут бұрын ғана алған. Қазір ел аумағына төтенше жағдай енгізілді. «Рейтерс» агенттігі бірнеше жарылыстан қаза тапқандар саны 310 адамға жеткенін хабарлады. Бүгін де билік қаралы күн деп жариялады. Осы сәтте Шри-Ланка полициясы ланкестік оқиғаларға күдікті ретінде 30-ға жуық адамды құрықтаған. 

Р. Асқарбекұлы