Ауыл шаруашылығы тауарын экспорттаушылар рұқсат қағазды айлап күтуге мәжбүр. Мұны Ұлттық экономика министрлігі тез арада шешуі тиіс. Бүгін Сенат отырысында спикер Дариға Назарбаева осындай ескерту жасады. Руслан Дәленов рұқсат құжатты алу қиын екенін жасырмады. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Атамекен» палатасындағы деректер базасының электронды форматқа көшірілмеуі жағдайды қиындатып отырған көрінеді.
Дариға НАЗАРБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:
Бұл мәселені шешуді жылдаматасыз деп үміттенемін. Өйткені тез бұзылатын өнім өндірушілер біздің бюрократтардың рұқсат қағазын 2 апта, бір немесе екі ай күте алмайтындарына шағымданды. Ал біз өз өнімдерініміздің көбірек сыртқа шығарылғанын қалаймыз. Бұл туралы Жолдауларда, мемлекеттік бағдарламаларда да айтылды. Сондықтан сіз бұл бағытта белсенді жұмыс істеуіңіз керек.
Руслан ДӘЛЕНОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:
Проблема бар, біз мұны шешеміз. Оған қоса экспортты ынталандыру картасын әзірлеп жатырмыз. Қазақстанның шикзаттық емес экспорты 23 млрд доллар. Біздің мақсат - 2022 жылға дейін 31 млрд долларға жеткізу. Демек, 8 млрд долларға арттырамыз. Өзімізде қандай жеңілдіктер жасауға болатынын, кәсіпкерлерімізді қорғап, басқа елдің нарығына шығуды қарастырамыз.
Г. Меңдеева