Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Шри-Ланкада тағы бір жойқын жарылыс болды

AstanaTV
25.04.2019ж. 20:00
2795
Шри-Ланкада тағы бір жойқын жарылыс болды

Шри-Ланкада тағы бір жарылыс болды. Оқыс оқиға ел астанасы Коломбодан 40 шақырым жерде тіркелді. Бұл жолы зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ, деп хабарлайды «Рейтерс». Бұдан бұрын болған жойқын жарылыстан 359 адамның өмірі қиылды. Полициясы қылмысқа қатысы бар 60 күдіктіні қамауға алған. Белгілі болғандай, қанды шабуылды 9 жанкешті жасаған. Қастандық кесірінен елдің туристік саласы әжептәуір әлсіреп кетті. Туризим саласы мемлекеттің негізгі табыс көзінің бірі. Жыл сайын Шри-Ланка шипажайларына 2,5 миллион адам келеді. Қазір адамдар бұған дейін брондалған турларды жаппай тоқтата бастады. Қайғылы оқиғадан 4 күн өткен соң жергілікті тұрғындар бүгін жұмысқа шықты.  

Гави СУКУМАР, КОЛОМБО ТҰРҒЫНЫ: 

Біз қорқынышпен өмір сүріп келеміз. Өз жұмысымызды істеп-ақ жүрміз, бірақ, әр минут сайын қатты қорқып отырмыз. Билет сатып алған адамдардың қолдарына ұстаған қорапта сәлемдемелері болса, біз бірден жүйкеміз жұқарып кетеді. Күн сайын мұнда келіп жатқан адамдарды көрген кезде, біз бәріміз террорист көргендей боламыз.

Д. Әлімқұл