Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Ұшақтың ақауы «Ақтау-Алматы» бағытындағы рейстің кешігуіне себеп болды

Ұшақтың ақауы «Ақтау-Алматы» бағытындағы рейстің кешігуіне себеп болды

Ақтау әуежайында 150-ге тарта жолаушы он сағат бойы Алматыға ұша алмай отыр. Олар оңтүстік астанаға таңғы сағат 8.25 аттанып кетуі керек еді.  

Анар ШӘМШАДИНОВА, АҚТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

«SCAT» компаниясы өз жолаушыларына неге осылай қарайтынын түсінбеймін. Билет өте қымбат. Таңғы 7-ден бастап отырмыз. Қазір сағат кешкі бес болды және бізді жаңа ғана тамақтандырды. Ашуға булыққан 148 адам олардың супервайзеріне айқай салды. Компания атынан ешкім жоқ.

Жолаушылардың айтуынша рейстің болмайтыны жөнінде ұшаққа жайғасқан соң хабарланған. Алматыға аттанбақ болған адамдар әуе кемесінен түсіп, жүктерін қайта алуға мәжбүр болыпты. Сағат сайын рейстің кешігетінін хабарлап отырған. Түстен кейін «Scat» компаниясының өкілі ұшақтан ақау шыққанын айтыпты. Сарыла күткен жолаушылардың жартысы билеттерін кері тапсырған көрінеді.  

Қайрат ҚАШКЕНОВ, «SCAT» ӘУЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ АҚТАУ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ӨКІЛІ: 

Адамдар ұшақта отырған болатын.Бортты жапқанда оның ақауы бар екені анықталды. Ұшақтың бір жері істемей тұрғаны белгілі болды. Шамамен сағат 9-10 ға қарай жолаушылар басқа ұшақпен аттанады. Бұл ұшпайды.

З. Санай