Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Ақтөбеде «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі өтті

AstanaTV
29.04.2019ж. 20:00
4174
Ақтөбеде «Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі өтті

«Ұлы даланың көне сарындары» атты дәстүрлі музыка фестивалі Ақтөбеге келді. Жыршы-термеші - Алмас Алматов, Жәкен Омаров, дәстүрлі ән өнерінің шеберлері - Ерлан Рысқали, Шолпан Дәржанова, күйші - Батыржан Мықтыбаев өнер көрсетті. Фестиваль «Nur Otan» партиясының 20 жылдығына орай «Зиялы қауыммен жұмыс» партиялық жобасы аясында ұйымдастырылған. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлттық өнерді кеңінен насихаттау тапсырмасымен жүзеге асырылып отыр. Іс-шара жыл басында Ұлы Абайдың отаны - Семейден басталған болатын. Кейін Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарындағы тұрғындарды ұмыт бола бастаған ән мен жырға сусындатып келеді. Ақтөбе дәстүрлі ән тыңдап, күй мен жырға құлақ құрышын қандырған жетінші қала.  

Ақылбек САХИЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ: 

Бұл шараны өткізу мақсатымыз мән-мағынасы терең өскелең ұрпақққа рухани тәрбиеліе маңызы жоғары қалың көпшілік сүйіп тыңдайтын дәстүрлі музыка өнерін бірінші кезекте еліміздің жас ұрпақтарына кеңінен насихаттау болып табылады.

Б. Рахметова