Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бірінші орын алмағаныма өкінбеймін-Е. Максим

AstanaTV
29.04.2019ж. 20:00
3674
Бірінші орын алмағаныма өкінбеймін-Е. Максим

Бірінші орын алмағаныма өкінбеймін. «Голос. Дети» телевизиялық шоуының финалисі Ержан Максим бүгін Мәдениет және спорт министрлігінде өткен брифингіде осылай деді. Оралдық жас әнші дауыс беру қорытындысымен келіспей, қолдау білдіріп жатқан көрермендеріне алғыс білдірді. Керісінше байқаудың арқасында атағы шығып, әлеуметтік желідегі парақшасына жазылушылар көбейгенін айтты.  

Ержан МАКСИМ, ӘНШІ: 

Мен бірінші орын алмағаныма ренжімеймін. Бір жағынан орын алмағаным да жақсы болды. Әйтпесе, мысалы мен бірінші орын алсам мені бәрі құттықтайтын еді. Ал қазір мен екінші орын алсам, бәрі мені мақтап, әртістер танып, подписчигім көбейіп жатыр.

Айта кетейік, ресейлік жоба қорытындысынан кейін басталған дау басылған жоқ. Бас жүлде белгілі әнші Алсудың қызы Микелла Абрамоваға бұйырған болатын. Бұған көрермендер мен шоу-бизнес өкілдері қарсылық білдіріп, Ержан Максимді бірінші орынға лайық деді. Қазір дауыс беру қорытындысы тексеріліп жатыр. Оны «Первый канал» арнасының директоры Константин Эрнст жеке бақылауына алған. 

Д. Қайыртай