Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Ақтөбеде қоқыс шығарумен айналысатын ірі компания бүгіннен бастап көлемді қоқыс шығаруды тоқтатпақ

AstanaTV
29.04.2019ж. 20:00
3816
Ақтөбеде қоқыс шығарумен айналысатын ірі компания бүгіннен бастап көлемді қоқыс шығаруды тоқтатпақ

Ақтөбеде қоқыс шығарумен айналысатын ірі компания бүгіннен бастап көлемді қоқысты шығаруды тоқтатыны туралы мәлімдеме жасады. Бұған қалалық биліктің мекемеге бес ай бойы бір тиын да төлемегені себеп болған. «Таза лайф» компаниясы қаланың үштен бір бөлігінің қоқысын шығаруға жауапты. Мекеме осы салада жиырма жылдан астам уақыт бойы қызмет етіп келеді. Ақтөбеліктер қоқыс үшін адам басына 104 теңгеден төлейді. Бұл республика бойынша ең төменгі тариф дейді олар. Мекеме тек қоқыс жәшігінің ішіндегі қоқысты шығаруға есептелгенін айтты. Ал тұрғындардың шығаратын құрылыс қалдықтары, жиһаздары мен басқа да көлемді қоқыс үшін әкімдік қосымша төлем төлеуі тиіс екен. 

Хабит МАХАШ, «ТАЗА LIFE» ЖК ДИРЕКТОРЫ: 

Неговоритке бөлек төлеу керек олар. Біздің бір айлық шығынымыз біздің есебіміз бойынша жеті жарым, сегіз миллион. Былтыр алты айға төледі. Үш миллион екі жүз мың шамасында ол тек шығынның жартысын ғана жапты.

Ақтөбеде мемлекеттік тапсырыс арқылы үш ірі компания қоқыс шығарумен айналысады. Жергілікті билік өкілдері төлемдердің тек соңғы екі айда ғана кешіккенін жеткізді.  

Жұлдызбек БИСЕМБИН, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Айтатын болсақ, январь, февраль біз бұл компанияға ақшасын төледік. Енді март пен апрель қалды. Енді осы майдың сессиясында ақша бөлуді қарастырамыз.

Б. Рахметова