Қарағанды
облысында балаларына екпе салдырудан бас тартқан ата-аналар саны артты. Биыл
осындай 350 оқиға тіркелді. Ал тиісті вакцина алмаған 3 бүлдіршін туберкулез
дертіне шалдыққан. Бұл туралы Қарағанды облыстық денсаулық басқармасының
бастығы Ержан Нұрлыбаев арнайы брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, дерт
жұқтырған балалар тиісті ем шаралар қабылдап жатыр. Болған жайттан кейін
әйелдер өз шешімдеріне өкінетіндерін білдірген. Олар таныстары мен құрбыларының
кеңесінен кейін екпеге күдікпен қарағандарын мойындаған.
Статистикалық
мәліметтерге сүйенсек, биыл елде екпе алған 17 000 баланың тек үшеуінде ғана
теріс реакция байқалған. Сондықтан дәрігерлер аналарға тиісті ем-шаралардан бас
тартпауға кеңес береді.
Ержан Нұрлыбаев, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Бар
мәселе аналардың қате пікірінде. Олар ғаламтордан оқып алады немесе
құрбыларының тіліне ереді. Осындай жағдайлардан кейін, міне, 3 бала
туберкулезбен ауырып қалды. Бұл жауапсыздық, әрі ол үшін ата-аналар жазаға
тартылуы керек деп санаймын.