Негізгі / Жаңалықтар / Бекіре тұқымдас балықтарды қолдан өсіру оның популяциясын көбейте ме?

Бекіре тұқымдас балықтарды қолдан өсіру оның популяциясын көбейте ме?

Мемлекет бекіре тұқымдас балықтарды қолдан өсіруге жылына 100 млн теңге бөледі. Каспийдің бұл байлығы азайып бара жатқаны мәлім. Бас прокуратура 2010-13 жылдары бекіре тұқымдас балықтардың 3 млн-нан 1,3 млнға азайғанын айтқан. Күніне 2 мың балық жойылатынын. Каспий маңы елдері бекіре тұқымдас балық аулауға мораторий жариялағанына 5 жыл өткеніне қарамастан 2017жылдың қарашасында Каспийдің солтүстік бөлігінде балық қорғау мекемесінің қызметкерлері 89 келі бекіре балық тиелген қайық ұстаған етін. Ондағы 4 балықшының төртеуі де Атырау облысы Жанбай ауылының тұрғындары болып шыққан. Каспий жағасындағы бұл ауылда балықшылар мен балық қорғау мекемесі және полициямен арада қақтығыстар та болған. Екі жыл бұрын балықшылар аудандық полицейлерден бекіре тиелген көлікті тартып алып, ауылға тіпті әскерилер барған. Теңіз жағасындағы ауылда аздаған мал бар, басқа түк жоқ, еркектер балық ауламай қайтеді, күн көру керек, деген сипаттағы комментарий берген адамдар бар. Бұл аргументке бас изей алмайсың. Бірақ өмір сүру құқығын қалай жоққа шығарасың?.. Атырауда астыртын түрде қызыл балық сатып алу қиын емес көрінеді. Келісі 2,5 мың теңгеден басталады, ал қара уылдырықтың келесі 220 мың теңге...      

Сонымен, браконьерлікті тыю мүмкін емес дерлік болса, бекіре тұқымдас балықтарды қолдан өсіру проблеманың көбесін сөге ме? Атыраудағы меншікті тілшіміз Базаргүл Нәдірқызы жалғастырады.

- Браконьерлерден тәркіленген бекіре балық...

Иә, браконьерлерге тоқтау болмай тұр. Тек биыл «Бекіре» жедел алдын-алу шарасы басталғалы жалпы салмағы 3 тоннаға жуық балық тәркіленді. Оның 300 келідейі бекіре! Бұл тек анықталғаны ғана.

Бақытгүл САРМЕКОВА, АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ ЖӘНЕ АҚПАРАТ БӨЛІМІНІҢ МАМАНЫ:

Айта кету керек, заңсыз балық айналымына тосқауыл қоюда облыс аумағында жаңадан салынған 4 бақылау-өткізу бекетінің ролі ерекше. Сонымен қатар бекіре шарасында жоғары нәтижеге жеткізуге осы шара кезінде салынған 3 кешенді бақылау пункіттері жұмыс жасап тұр. Сондай-ақ полиция қызметкерлерінен құралған 36 мобилдік топ жұмысын жасауда.

Броконьерлердің айласына құрық бойламай ма, жоқ әлде тексеріс осал ма? Елімізде бағалы балықты аулауға тыйым салынғанымен, заңсыз сауданың тоқтайтын түрі көрінбейді. Тіпті Атырауда той дастарханында тұтас бекіре тарту - сән. Ал табиғат жанашылары бағалы балықтың азайып бара жатқанын айтып дабыл қағуда. Балық шаруашылығы саласының ардагерлері, ерлі-зайыпты Әбіш аға мен Роза апа солардың бірі. Олардың айтуынша, бекірені көбейтудің жалғыз амалы – қолдан өсіру. Ал ол кешенді түрде жүзеге аспаса, бәрі бекер!

Әбіш БЕКІШОВ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Қолдан өсіру амалы қалды. Жайықта табиғи жағдайда өсіру үшін Жайықтың жағдайын түзету керек. Ал Жайық Атыраудан басталып, Атырауда түсіп отырған жоқ. Анау Орынбор, Челябинскі облысынан бері қарай келе жатыр. Солармен келісім-шарт жасап дегендей, ал ол өте күрделі жұмыстар...

Атырауда бекіре шабағын өсірумен айналысатын екі зауыт бар. Желтоқсандағы балық қырғынында «Жайық-Атырау» бекіре шабағын өсіру зауытының 177 дана бекіресі өліп қалды. Абырой болғанда 100 шақты бағалы балықты сақтап қала алды. Ол өткен жылдың аяғында іске қосылған мына тұйықталған сумен қамту қондырғысыныңарқасы. Мұнда су 3 мәрте тазалаудан өтеді. Зауыт басшылығы тірі қалғандарын осында ауыстырған. Бұл қондырғы бекіре тұқымдас балықтарға қолайлы температураны ұстап тұрып, балықтың тез өсуіне көмектеседі,- дейді мамандар.

Ғилман СӘРСЕМӘЛИЕВ, «ЖАЙЫҚ-АТЫРАУ» БЕКІРЕ ӨСІРУ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Табиғи жағдайда бекіре тұқымдас балықтар, мысалы, шоқыр балығын алсақ, кемінде 7-8 жыл теңізде өсіп жетіледі. Жаңағы жыныс өнімділігін жинағанша, бұл жағдайда бірқалыпты температураның арқасында, үнемі қоректенудің арқасында осы процесті екі есеге қысқартуды қолжеткізуге болады. Яғни 7-8 жыл дамитын балықтарды, 3-4 жылда жетілдіруге болады.

Бекіре популяциясын жақсартудың тағы бір жолы – паспорттау. Мұнда әр балық чиппен нөмірленеді. Бұл оларды ұрықтандыру кезінде туыстық алшақтықты сақтауға көмектеседі екен.

Жұпар ӨТЕУЛИЕВА, «ЖАЙЫҚ-АТЫРАУ» БЕКІРЕ ӨСІРУ ЗАУЫТЫНЫҢ ӨНДІРІСТІК ЦЕХ МЕҢГЕРУШІСІ:

Мына сканер деген аппаратпен балықтардың чип нөмірін анықтаймыз. Ол чип нөмірі арқылы балықтардың генетикалық паспорттары бойынша олардың туысқандығының алшақ туысқан екенін біліп, сол арқылы будандастыруға тырысамыз. Өйткені алыс туыстас балықтардан ұрықтандырылған жас шабақтар тіршілікке бейімділігі артады.

Қазір зауыт бекіреден уылдырық алу жұмысына дайын отыр. Биылғы көктем олжалы. 100-ге тарта бекіре түскен. Ең ірісі мынау – орыс бекіресі. 35 келі. Әзірге қолайсыз ауа райы кедергі келтіріп тұр. Ғилман Сәрсемәлиевтің пікірінше,зауытты кеңейтіп, жаңа технологиямен жабдықтау қажет. Сонда ғана бекіре поуляциясын арттыруға болады.

Ғилман СӘРСЕМӘЛИЕВ, «ЖАЙЫҚ-АТЫРАУ» БЕКІРЕ ӨСІРУ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Екі зауытымыз ескі технологиямен жасап жатыр әлі. Заманауи технология әлі келген жоқ. Ол жөнінде негізі Үкіметтің шешімі бар істейміз деген. Техникалық-экономикалық жобасы жасақталған. Біздің зауыт бойынша реконструкция жасауға. Реконструкцияның құрамына не кіреді? Тұйықталған су қондырғысы. Соның кеңейтілген түрі керек болады. Қысы-жазы ұстап, аналық, аталық үйірдің мыңдаған басы керек болады. 100 бас – 200 бас ол проблеманы шешпейді. Сондықтан бірнеше мың бас ұстайтындай үлкен кешен болу керек.

Кешенді кеңейтуді сала ардагерлері де қолдайды. Олар шабақтың теңізге жібергеннен гөрі тауарлы бекірені қолдан өсірсек көбірек ұтамыз,- деп отыр. Айтуынша, теңізге жіберілген 7 млн шабақтың 3 пайызы ғана уылдырық шашуға өз өрісіне, Жайыққа оралады. Кішілері теңіздегі жыртқыш балықтардың жеміне айналса, сәл өскені броконьерлердің торында кетеді.

Роза ИСЛАМҒАЗИЕВА, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ:

Товарный воспроизводстваға көшу керек. Соған көшу керек, прудтарды өзгерту керек, өсіру технологиясын өзгерту керек. Молекты теңізге жіберіп бекіре тұқымдас балықтарды көбейте алмаймыз.

Сәрсенбай ЕҢСЕГЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Біздің елімізде жұмыс жасап жатқан шетелдік компанялардың, шетелдік инвесторлардың мүмкіндігін пайдалану болар еді. Бірақ ол заңдылық тұрғыдан жетілдіруді қажет етеді деген ұсыныстар айтылып жүр. Қазіргі уақытта Атырау қаласындағы екі зауытты біріктіру арқылы әрмен қарай қарастыруда.

Зауыттың заманауи жабдықталған кешенге қашан айналатынын сенатор да білмейді. Сондықтан көктемдегі уылдырықтан өсіп, 2-3 грамға жеткен 7 млн бекіре шабағын жазда теңізге жіберуден басқа амал жоқ. Бұл саланың мамандары, ардагерлері оның пайдасы титімдей десе де...

Базаргүл Нәдірқызы "Біздің уақыт"