Осы айдың соңына дейін көпбалалы отбасыларға 1300 жалдамалы пәтер беріледі. Индустрия және Инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев осылай деді. Бастама «Әлеуметтік қамқорлық» жобасы аясында жүзеге аспақ. Пәтер кезегінде тұрғандар саны 30 мыңдай. Көпбалалыларға берілген баспана бойынша мерзімдік шектеу жоқ. Яғни, әркім қалағанынша тұра алады. Тек заңда қарастырылғандай алты айда пәтер ақысын төлемесе, екі айға коммуналдық ақыны кешіктірсе шығарып жібереді. Үйді жекешелендіре алмайды және басқа адамға жалға беруге болмайды.
Қайырбек ӨСКЕНБАЕВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Келесі 9 мамырда Батыс Қазақстанда тапсырылады үйлер. Сосын Шымкент қаласында. 15 мамырда Атырау облысында, сосын Алматы қаласында. Белгіленген графикпен жұмыс атқарылып жатыр. Очередьтегі көпбалалы отбасыларға 6 мың пәтер тапсырамыз ба деп отырмыз. Жеке меншікке алғысы келетіндерге ТҚЖБ арқылы тағы 6 мың береміз.
Ал меншік үй алғысы келетіндерге «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» 2 пайыздық үстемемен несие беріп жатыр. Бастапқы жарна - 10 пайыз. «Бақытты отбасы» бағдарламасына - көпбалалы отбасылар, мүгедек баласы барлар, толық емес жанұялар қатысып жатыр. Бүгін Алматыда осындай екі отбасы баспаналы болды. Үйлердің шекті бағасы-15 млн теңге. Бірақ банк басшысы үлкен қалаларда бұл сомаға алынған пәтердің тар болатынын жасырмайды.
Ләззат ИБРАГИМОВА, «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
«Бақытты отбасы» бағдарламасында бір адамға шаққанда табысы 42 мың 500 теңгеден аспайтын отабсылар қатыса алады. Мәселен, отбасы алты адамнан тұрса жалпы табысы 255 мың теңгеден аспау қажет. Сондай-ақ, жеңілдетілген жеке басына және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне өтінім берген күнге баспанасы жоқ болу керек.
А. Сейфулла