$481.84 €531.33 ₽5.07
×

ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрбіріне республикалық бюджеттен 7,3 млн теңге қаржы бөлінеді

AstanaTV
08.05.2019ж. 20:00
4787
ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрбіріне республикалық бюджеттен 7,3 млн теңге қаржы бөлінеді

ҚР Президенттігіне кандидаттардың әрбіріне республикалық бюджеттен 7,3 млн теңге қаржы бөлінеді. Орталық сайлау комиссиясының отырысында осындай қаулы қабылданды. Қаражат үгіт насихат жұмыстарына жұмсалмақ. Сондай-ақ кандидаттың жеке сайлау қорын жұмсауға рұқсат. Толығырақ, Әлішер Өмірзақ жалғастырады.  

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:  

Әр кандидат мемлекет бөлген 7 млн теңгеден бөлек жеке сайлау қорындағы 1 млрд-тан асатын қаржатқа да иек арта алады. Ол соманың 510 млн теңгесін үміткерді ұсынған партия не өзі құйса, қалған 637 млн теңгені ерікті азаматтар кандидаттың сайлау қорына жинап бере алады.

Сәбила МҰСТАФИНА, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Республикалық бюджет қаражатынан кандидаттардың сайлау алдындағы көпшілік шараларын өткізуге, үгіт материалдарын шығаруға, көлікке жұмысайтын шығыстары жұмсалады.

Сайлау қорытындысы шығып, 5 күн өткен соң әр кадидат берілген қаражатты қалай жұмсағаны жайлы Орталық сайлау комиссиясына есеп тапсырады. Ал Бас прокурордың орынбасары үгіт-насихат жұмыстары кезінде заңға қайшы әрекет еткендер, қарапайым халық, интернетте пікір білдірушілер мен сол сайт әкімшілері де жазаға тартылатынын ескертті.  

Болат ДЕМБАЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Кімге дауыс бересіз?- деген секілді дауыс беруге 5 күн қалғанда түрлі сайттарда, интернетте қоғамдық сауалнама жасау, оның нәтижесін жария ету заңға қайшы. Оны жүргізу міндеті жүктелген арнайы заңды тұлғалар бар. Жеке тұлғалардың ондай құқығы жоқ. Бұған қайшы әрекет еткен тұлғаның ісі Бас прокуратураға жөнелтіледі.

Үгіт-насихат жұмыстарын ережеге сай жүргізу үшін заңды және жеке тұлғаларда кандидаттан немесе сол кандидатты ұсынған ұйымдардан қағаз жүзінде берілген рұқсаты болуы қажет. Ал мемлекеттік органдағылар, қарулы күштер және сайлау комиссиясы қызметкерлері, діни бірлестіктер мен азаматтығы жоқ шетелдіктер үгіт жұмыстарын жүргізе алмайды. 

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:

Еске сала кетсек, үгіт-насихат жұмыстары 3 күннен кейін басталады. Ал сайлау маусымның 9 күні өтеді.

Ә. Өмірзақ