Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Э. Тұрсынбаева әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына кірді

AstanaTV
08.05.2019ж. 20:00
3563
Э. Тұрсынбаева әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына кірді

Элизабет Тұрсынбаева әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына кірді. Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы 2018/19 маусымынан кейін мәнерлеп сырғанаушылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Ал, қазақстандық жас спортшы МакГрегорды мәз қылды. Өзінің жеңісті сәтін Макгрегордың мәнерінде тойлаған балақайдың бейнеролигін атақты спортшы өзінің инстаграмм желісіне жариялады. Алда Спорт жаңалықтары.

«Барселонаның» бағы жанбады. «Энфилдта» Еуропаның ең мықты клубының бірі испандық Барсаны ағылшындық «Ливерпуль» ойсырата жеңді. Чемпиондар лигасы жартылай финалының екінші жауапты матчында «Ливерпуль» өз алаңында «Барселонаны» 4:0 есебімен жеңіп, финалға шықты. Бірінші кездесуде «Кампноуда» «қызылдар» 3:0 есебімен жеңілген еді. Деседе доп домалақ. Ағылшындар камбэк жасады. «Ливерпуль» Чемпиондар лигасы тарихындағы бірінші кездесуде ойсырай жеңілгеннен кейін қарымта матчта қарсыласын жеңіп, келесі кезеңге жолдама алған 4-ші клуб.

Элизабет Тұрсынбаева әлемнің үздік мәнерлеп сырғанаушыларының ондығына кірді. Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы 2018/19 маусымынан кейін мәнерлеп сырғанаушылардың жаңартылған рейтингін жариялады. ISU рейтингінде Тұрсынбаева 6-орынға жайғасқан. Элизаветтің активінде 3 108 ұпай. Ал, 4510 ұпаймен бірінші орынды ресейлік Алина Загитова алған Екінші орынды жапондық Сатока Мияхара - 3459 ұпаймен өзінікі етті. Үшінші орынды ресейлік Евгения Медведева - 3384 ұпаймен алды. Біздің қыз алтыншы орын алса да, жеке рейтингте төртінші орында тұр. Еске салайын, биыл Тұрсынбаева әлем чемпионатында күміс жүлдеге ие болды.

«Канелоның» жекпе-жегінен кейін ұшақпен қайтқан мексикалықтар апатқа ұшырады. Ұшақты іздестіру жұмыстары 12 сағаттан астам уақытқа созылған. Спорт сүйер жандар мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс арасындағы жекпе-жекті көруге барғандар. Bombardier Challenger 601 жеке жолаушылар ұшағы Мексика аумағынан апатты күйінде табылды. Құтқарушылар лайнер қалдықтарын Коауил штатының тауларынан тапқан. Апаттан 14 адам қаза болған. Оның 11-і жолаушылар болса, үшеуі - экипаж мүшесі. 5 мамыр күні кешкі 19:00 шамасында әуе кемесінің радардан жоғалып кеткені туралы ақпарат тараған еді.

Қазақстандық жас спортшы Макгрегорды мәз қылды. Өзінің жеңісті сәтін Макгрегордың мәнерінде тойлаған балақайдың бейнеролигін атақты спортшы өзінің инстаграмм желісіне жариялады. «Оу, Құдай-ау, мына балақай миллиард доллар тұратын шығар?» деп таң қалды төбелескіш талант. Бұған дейін мемге айналған Макгрегордың мәнерінде тағы бір қазақстандық жас бала қайталаған еді. Езу тартқызған эпиозд Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы грек-рим күресінен өткен республикалық турнирде болды.

Д. Әлімқұл