Спорт Қазақстан
$449.3 €489.69 ₽4.89
×

Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына орай ардагерлерге берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі биыл 150 мен 500 мың теңге аралығын құрайды

AstanaTV
08.05.2019ж. 20:00
4853
Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына орай ардагерлерге берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі биыл 150 мен 500 мың теңге аралығын құрайды

Ұлы Отан соғысының 74 жылдығына орай ардагерлерге берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі биыл 150 мен 500 мың теңге аралығын құрайды. Қаржылай көмек көлемінің аймақтар бойынша айырмашылығы жергілікті бюджеттің шамасына қарай болып отыр деп түсіндірді Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі өкілі. Тыл ардагерлерлері мереке қарсаңында 5 мың 100 мың теңге арасында сыйақы алады. Жалпы ардагерлерге биыл бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінді.  

Асқар НИЯЗОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:  

Ең төменгі мөлшерде Ақмола, Алматы облыстары болып табылатын болса, 150 мың теңге. Ең жоғарғы төлейтін - Маңғыстау облысында, Нұрсұлтан қаласында осы 500 теңге тағайындалып отыр.

Қазір елімізде 1039 Отан соғысының ардагері мен 374 соғыс мүгедектері бар. Ең кішілерінің саны - 93-те. Одан бөлек 48000-нен астам адам осы санатқа теңестірілген. Ал, тыл ардагерлерінің саны - 119 мыңдай. Оның 67479-ы жәрдемақы алады, себебі олар еңбегі үшін марапатталған.  

А. Сейфулла