Негізгі / Жаңалықтар / ҚР Президенттігіне Кандидат Ж. Ахметбеков жерлестерімен кездесті

ҚР Президенттігіне Кандидат Ж. Ахметбеков жерлестерімен кездесті

ҚР Президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков туған жеріне барып, ақсақалдардың батасын алды. Бас қалада штабтың жұмысын тәмамдап, Қорғалжынға аттанған үгіт тобы халыққа кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, тұрғындарды толғандырған мәселерге құлақ түрді. Үміткер Қорғалжында көптеп кездесетін табиғи мұраларды қорғау мәселесі мен ауыл халқын сапалы ауыз сумен қамту үшін өткен ғасырда салынған құбырларды ауыстыру керектігін айтты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдері өндірсін арттыру үшін шаруа қожалықтарын біріктіру мәселесі коммунистер назарында болатындығын жеткізді.       

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Халықтың өз тауарларын нарыққа шығару үшін ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру керек. Біздің ҚКХП фракциясының депутаттары кооперативтерді қалай құрып, оның жұмысын алға қарай қалай алып кету керек және Үкімет тарапынан оған несиені қалай алу керек екенін түсіндіріп беруге дайын екенін айттық.

Ә. Өмірзақ