$455 €492.13 ₽5.94
×

Қостанай облысындағы су басқан ауылдарда көктемгі егіс науқаны кешіктірілмейді

AstanaTV
21.04.2016ж. 20:00
1147
Қостанай облысындағы су басқан ауылдарда көктемгі егіс науқаны кешіктірілмейді

Астықты аймақтарда көктемгі егіс науқаны дер кезінде басталады. Солтүстік облыстардағы су тасқыны дән сіңіру жұмыстарына еш кедергі келтірмейді. Бұл жөнінде Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қостанай өңіріне жасаған жұмыс сапары барысында айтты.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Су тасқыны кейбір жерлерде үлкен проблемаға айналып тұр. Бірақ та олардың көлемі шектеулі. Жалпы егістік аумақтарындағы ылғалдың көптігін біз жақсылыққа жорып отырмыз. Енді күн жылиын деп жатыр. Сондықтан біз ылғалдылықты, керісінше, сақтап қалуымыз керек.

Асылжан Мамытбеков биылғы көктемгі егіс науқанының ерекшеліктеріне де тоқталды. Өңір диқандарына тың өзгерістерді түсіндірді. Бұдан былай егіннің әр гектарына берілетін субсидия тоқтатылады. Оның орнына агрокешенді жаңғыртуға арналған инвестициялық бағыттағы қаражат қарастырылмақ. Яғни шаруа жаңа техника сатып алам десе, соның 25 пайызына қолдау қаржы берілетін болады. Ал шаруаларға жеңілдетілген бағамен берілетін жанар-жағармай, төмен пайызбен бөлінетін несие, тыңайтқыштарға қарастырылған субсидия көлемі керісінше ұлғаяды, - деді министр.

Заңғар САНАЙ 

orda

«Orda FM» радиосы

Бұл жақсы музыка, өзекті жаңалықтар, қызықты бағдарламалар мен еркеліктер толқыны
Онлайн тыңдау
AstanaTV жарнамасы

Телеграм-канал AstanaTV

Подпишитесь на наш телеграм-канал и будьте в курсе всех событий моментально . Участвуйте в различных розыгрышах