Қызылжарда
кене шаққан адамдардардың қатары көбейіп барады. Күн жылынғалы бері теріскейде
31 тұрғынды зиянкес жәндіктің шаққаны анықталып отыр. Қазір эпидемиолог
мамандар кенелерді зерттеумен әлек. Әзірге жәндіктерден қауіпті вирустар
табылған жоқ. Адам өлімі де тіркелмеген.
Әйтсе де сақтықта қорлық жоқ.
Биыл жергілікті қазынадан кенелерді улауға 5
миллион теңгедей қаржы бөлінді. Орман алқаптары мен бау-бақшаларды өңдеу жұмысы
сәуірдің басынан жүргізіліп келеді. Петропавлдың өзінде 50 гектарға жуық аумақ
залалсыздандырылған. Аталған шара қыркүйекке дейін жалғасады.
Юрий
Пузиков, СҚО тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:
Мамыр-маусым
айларында кенелердің белсенділігі арта түседі. Ал екінші толқыны қыркүйек-қазан
айларында өтеді. Солтүстік Қазақстан вирустық энцефалитке тән аймақ емес. Яғни кенелер вирустық ауруларды жұқтырмайды. Сондықтан үлкен қауіп жоқ деп айтуға
болады. Дегенмен, кене шаққан адам жедел түрде дәрігерге көрінгені дұрыс.
Абзал ҚҰРМАНКИН