Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қ.Тоқаевтың сайлауалды штабы өкілдері Солтүстік Қазақстан облысына ат басын бұрды

AstanaTV
16.05.2019ж. 20:00
3027
Қ.Тоқаевтың сайлауалды штабы өкілдері Солтүстік Қазақстан облысына ат басын бұрды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды штабының өкілдері Солтүстік Қазақстан облысына ат басын бұрды. Өңірдің басты байлығы астық дақылдары екені даусыз. Егіс алқаптарын күтіп-баптау оңай жұмыс емес. Оған күш салып жүрген кәсіпкерлер көп. Республикалық қоғамдық штаб өкілдері соның біріне барып, жұмысшылармен жүздесті. Олар Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың тәуелсіздік жылдары ел үшін атқарған еңбегін ерекше атады. Үгіт-насихат тобы сайлауалды тұғырнаманы жастарға да жете түсіндірді. Сөз алған партия өкілдері «Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» деп аталатын тараулардың тармағына тоқталып, жастар үшін барлық жағдай жасалатынын жеткізді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 

Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары қашанда Елбасының барлық бастамаларын қолдап, Тұңғыш Президентіміздің барлық стратегиялық жоспарларының бағдарламаларының жүзеге асырылуына өздерінің үлкен үлесін қосуда. Сондықтан Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 9 маусым күні Елбасымыз ұсынған кандидат, ерен азамат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты бір ауыздан қолдайды деп сенеміз.

М. Дюсекина