Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

ҚР Президенттігіне үміткер Т. Рақымбеков С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымымен кездесті

AstanaTV
16.05.2019ж. 20:00
1706
ҚР Президенттігіне үміткер Т. Рақымбеков С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ұжымымен кездесті

уыл шаруашылығын дамытамыз десек, аграрлық ғылымнан қаржыны аямауымыз керек. Осы ұстанымды негізге алған Төлеутай Рақымбеков елордадағы Қазақ агротехникалық универсиетет ұжымымен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасын таныстырды. Бұл білім ордасында тек ауыл шаруашылығы мамандары ғана емес, салаға қажетті озық ғылыми жобалар жасалады. Олардың қатарында иммунды химия, тағам микробилогиясы секілді бастамалар да бар. Кандидат мұндай жобаларды коммерциализациялау қажеттігін алға тартты. 

Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:

Тек қана бюджетке ғана сене бермеу керек. Жан-жақты жолдарды іздеу керек. Соның бір осы ғылыми жұмыстардың коммерциализациясы. Осыдан он жыл бұрын маған кейбір академиктер күлетін. Коммерциализация деп сен ғылыми зерттеу институттарын базар қылып жіберейін деп отырсың ба деп. Түсінбегендіктен. Ал, шынына келетін болса осы жабдықтардың арқасында ақша табу.   

Ә. Өмірзақ