Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордада Ә.Қосановты қолдау шаралары өтті

AstanaTV
16.05.2019ж. 20:00
2991
Елордада Ә.Қосановты қолдау шаралары өтті

Президенттік сайлауға түсіп отырған кандидаттарға дауыс беруге шақыратын үгіт-насихат жұмыстары бас қалада да белсенді жүріп жатыр. Әміржан Қосановтың республикалық сайлауалды штабы да Елорданың қоғамдық орындарында үнпарақ таратуға кірісті. Қатарға еріктілер де қосылды. Олар насихат құралдарын таратып қана қоймай, тұрғындарға үміткердің сайлауалды платформасы жөнінде де айтып берді. Штаб өкілдері өз үміткерін қолдаудың түрлі тәсілін қолданып жатыр. Соның бірі - жастар арасында кеңінен тараған флеш-моб акциясы. Шараға қатысқан студенттер өз таңдауларын осылайша білдірді. Бұл - ел астанасында өткен соңғы шара емес. Орталық штаб өкілдері Әміржан Қосановқа қолдау білдірудің басқа да жолдарын табамыз деп отыр. 

Аршат ОРАЗ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Ә.ҚОСАНОВТЫҢ ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Барынша барлық сұрақтарға жауап беріп, үгіт-насихат материалдарын тараттық. Бұл әлі алғашқы апта. Сайлауға дейін 3 апта уақыт бар. Түрлі флеш-мобтар, басқа да акциялар болады. 

Н. Біләл