Спорт Қазақстан
$448.56 €478.03 ₽4.79
×

Бізге ақпарат жинау жағынан ешқандай кедергі жасалып жатқан жоқ - ТМД ПАА

AstanaTV
16.05.2019ж. 20:00
2390
Бізге ақпарат жинау жағынан ешқандай кедергі жасалып жатқан жоқ - ТМД ПАА

Бізге ақпарат жинау жағынан ешқандай кедергі жасалып жатқан жоқ. Бүгін Орталық сайлау комиссиясында Тәуелсіз мемлекеттер достастығы байқаушылар тобының өкілі Екатерина Голоулина осындай пікір білдірді. Миссия сайлауды ұйымдастырушылар мен билік тарапынан заңды бұзу нышандары бар-жоғын сараптайды. Ол үшін байқаушылар заңнамалық құжаттарды, ақпарат құралдарындағы жаңалықтарды, жалпы сайлау науқанын қадағалап отырады. Дауыс беру күнінде олар елдің 9 өңіріне өкілдерін жібермекші. Орталық сайлау комиссиясы маусымның үшіне дейін мың жарымға жуық халықаралық бақылаушы тіркеледі деп болжап отыр. Айта кетейік, елде кезектен тыс президент сайлауы маусымның 9-ы өтеді. Қазір үміткерлер аймақтарда үгіт-жүргізіп жатыр. 

Екатерина ГОЛОУЛИНА, ТМД ПАА ДДМХИ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Біз ақпарат алу жағынан да, оның көлемі жағынан да кедергі көріп тұрған жоқпыз. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын бақылай келе науқанды ашық өтіп жатыр деп айта аламыз. Сайлау өткеннен кейін де қорытынды тұжырымдамада осы пікірімізді растап жазатын шығармыз деп үміттенеміз.

Д. Қайыртай