Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

А. Таспиховтың командасы еңбек қауіпсіздігіне басымдық бермек

AstanaTV
17.05.2019ж. 20:00
1792
А. Таспиховтың командасы еңбек қауіпсіздігіне басымдық бермек

Еңбек қауіпсіздігін сақтай отырып, өнімділікті арттыру - бүгінгінің басты талабы. Президенттікке кандидат Аманкелді Таспихов Қостанайдағы сайлаушылармен кездесуде кәсіподақ қызметі туралы айтты. Жергілікті жердегі кадр тапшылығын жою, қол күшінен роботтық технологияға көшу мәселесін көтерді. Қостанайда қазіргі уақытта 1400 салалық кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Дегенмен, еңбек жарақаты, шарттың бұзылуы сияқты проблемалар жойылмай тұр. Жылдың басынан бері 40-қа жуық адам жұмыс уақытында жарақаттанған. Жалақының аздығы да жастардың ықыласын төмендетеді. Соның әсерінен шетел асып кетіп жатқандары баршылық. Кандидат кездесуде айтылған түйткілдің бәрінің шешу жолдарын ұсынды. 

ӘСЕТ ДОСЕКЕНОВ, САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Артық жұмыс уақытын қысқарту жайында шаралар қолданалып, нәтижесі қазіргі таңда көрініп тұр. Неге десеңіз мекеме басшысы қосымша жұмыс уақытын өздері бақылауға алып, оған ақшалай қаражат жағынан шығыс болғандықтан жұмысшыларын көп уақыт артық ұстамайды.

А. Сейфулла