$494.87 €520.65 ₽4.91
×

«Қазақстанда екі президент жоқ!». Кредит мәселесі...

AstanaTV
18.05.2019ж. 20:00
4754
«Қазақстанда екі президент жоқ!». Кредит мәселесі...

«Қазақстанда екі президент жоқ. Ол - біреу ғана». Нұр-Сұлтанда өткен 12-ші Астана экономикалық форумында Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқаны. Ол жаңадан сайланатын мемлекет басшысын қолдап, бейбіт транзитті қамтамасыз ету –тұңғыш президент ретіндегі жұмысым, деді.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Видите, я создаю какие-то неудобства для спикеров, вам приходится говорить сначала "Первый Президент", потом "Президент". Такая ситуация. Я думаю, двойственности в Казахстане не будет. Есть один Президент, и он главный. И мы все будем на него работать, когда изберем.

Ал еліміздегі екінші деңгейлі банктердің ішіндегі ең ірісі «Halyk» банкінің төрайымы Үміт Шаяхметова осы аптада баспасөз мәслихатын өткізіп, өз сөзімен айтсақ - «экономикадағы алаңдатарлық тенденцияларға» тоқталды. Жеке де, заңды да тұлғалардың салымдары азайып барады. Халықтың депозиті қаңтардан бері 2,4 процентке, корпоративті депозиттер 11,5 процентке азайған. Ал адамдардың күнделікті тұрмыстағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін алатын несиелер 20,5 процентке өсіп, жалпы үлесі 27 процентке жеткен. Адамдар әдеттегідей, несиені пәтер жөндеуге, тойға, демалуға алады. Ал қарызды қайтармау әр клиентке шаққанда орта есеппен 800-900 мың теңге. Бұрын бір клиентке бір несиеден келсе, микроқаржыландыру ұйымдарының көбеюі мен онлайн-займдардың артқанына орай, 1 клиентке 1,6 кредиттен келеді, деді Ү.Шаяхметова. Ал жалпы экономикадағы несиелендіру жыл басынан бері 4,7 процентке кеміген. Бір «ғажабы» - кәсіби банкир «алаңдатарлық» деп келтірген мәліметтермен қоса Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті де деректер жариялады. Статистердің ақпарынша соңғы жылы қазақстандықтардың нақты табысы 9,7 процентке өскен.