Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

ҚР Президенттігіне кандидат Ә. Қосановтың үгіт тобы Өскемен қаласында арнайы акция ұйымдастырды

AstanaTV
17.05.2019ж. 20:00
2070
ҚР Президенттігіне кандидат Ә. Қосановтың үгіт тобы Өскемен қаласында арнайы акция ұйымдастырды

«Жасыл ел - жасыл қала». Осындай атаумен президенттікке кандидат Әміржан Қосановтың үгіт тобы Өскемен қаласында арнайы акция өткізді. Онда қатысушылар ағаш отырғызып, Ертіс өзенінің жағасын қоқыс пен қалдықтан тазартты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараны өткізудегі басты мақсат - бағдарламаны жан-жақты талқылап қана қоймай, өңірдің өркендеуіне, жасаруына үлес қосу. Және іс-шара соңында тұрғындар Әміржан Қосановтың өкілдеріне өз ұсыныстары мен тілектерін де жеткізді. Бұдан бөлек «Ұлт тағдыры» қозғалысы үміткерін қолдауға арналған түрлі іс-шаралар ірі қалаларда да жалғасын тапты. Мәселен Нұр-Сұлтан шаhарында жергілікті штаб мүшелері мен еріктілер флеш моб ұйымдастырып, дауыс беруге шақыратын насиxат парақтарын таратты. 

Алексей МЕЛИХОВ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бұқаралық ақпарат құралдарынан өтіп жатқан шара туралы естідім. Кандидаттың сайлауалды тұғырнамасымен танысып қана қоймай, қаламыздың жасыл болып өркендеуіне үлес ретінде көшеттер отырғыздық. Алдағы сайлауға қатысуды азаматтық міндетім деп есептеймін.  

Ә. Өмірзақ