Негізгі / Жаңалықтар / «Ай туады, Күн шығады!» Қоғам дамуы туралы сұхбат

«Ай туады, Күн шығады!» Қоғам дамуы туралы сұхбат

«Ең мықты сұрақтарды қазақ мектебінің балалары қойды. «Ағай мен сізбен келіспеймін. Айтқаныңыз дұрыс емес. Қорқақтау екенсіз. Мынаны былай айту керек»,-деді 10-шы, 11-ші сыныптың оқушылары. Таңғалдым сол жерде. Таңғалдым.» Белгілі саясаттанушы Саясат Нұрбектен интервью алғам, сонда айтқаны. Сұхбат алуымның себебі – қоғам белсенділері сайлауға орай «Аманат» деген платформасын құрған, мақсат-мұраттарын білуге. Жалпы интервью өте мазмұнды шықты, тыңдаңыздар:

- «Аманат» платформасын не үшін құрдыңыздар? 

Саясат НҰРБЕК, САЯСАТТАНУШЫ:

Мысалы, өздеріңіз білесіздер, көп жылдар саясаттану, әлеуметтану зерттеулерімен айналысқанмын. Көп жылдар мен былай ойлағам: адамның саяси мәдениеті, құндылықтары өте баяу өзгереді,- деп санағанмын. Бірақ керісінше тез өзгереді екен. Осы жылдың басында қазақстандықтардың саяси сана сезімі тез өзгере бастады. Мына 19 сағат, Елбасымыз 19 наурыз күні мен кетемін деп шешім қабылдағанда. 19 сағат. Мемлекетіміз, еліміз елбасысыз, жалпы мемлекет басшысы болмаған бір жағдайға бірінші рет, тұғыш рет сондай жағдайда болды. Соңғы 30 жылда. Осы 19 сағат бәрін өзгертіп жіберді. Қазіргі таңда біз көргеніміз өте қызық бір талқылаулар басталып жатыр. Бұрын адамдар қысылып, көкейде жүрген сұрақтарын қорқып немесе «қойшы, керегі жоқ. Менің қатысым жоқ» - деген пиғылдан, пікірден қазір «жоқ, менің пікірм бар. Неліктен? Қайдан? Неге? Кім?» - деген сұрақтарды қоя бастады. Сондықтан осы сайлауды біз өзіміз бір азаматтар тобы, сарапшылар, қоғам қайраткерлері жиналып осындай азаматтық платформа құрдық «Аманат» деген.

- Сонда нақты не істейсіздер? Ауыл-ауылды аралайсыздар ма, аймақтарға шығасыздар ма, пікірталас алаңдарын ұйымдастырасыздар ма?

Саясат НҰРБЕК, САЯСАТТАНУШЫ:

Учаскелер керекті инфрақұрылыммен жабдықталған ба, сол учаскелерде жұмыс жасап жүрген адамдардың еңбек шарттары дұрыс ұйымдастырылған ба?

Екінші үлкен бағыт, екінші саусақ, ол - біздің саналық таңдау. Яғни сайлауға түсетіндер де, үміткерлер де, дауыс берушілер де керекті ақпаратпен қамтамасыз етілген бе? Олар саналы түрде біледі ме, осы сайлауалды платформалар қандай, оның идеялары қандай, не өзгереді? Ағартушылық. Неге десеңіз, мына сана сезім ақпараттан басталады. Яғни адам саналы түрде шешім, таңдау жасай алады ма, алмайды ма, оның ақпаратына байланысты. Оның көзі ашылды ма, жоқ па? Соған байланысты.

Үшінші – әділдік. Бұл жерде біз біріншіден бақылаушылармен жұмыс істейміз. Қазақстанның азаматтарының ішінен өзіміз азаматтық бақылаушыларды даярлауға, оларды оқытуға, оларды қазіргі заңнамалық принциптермен бақылау жүргізуге оқытуға шешім қабылдадық. Қазіргі таңда Қазақстанның кез-келген белсенді азаматы осы сайлауға дауыс беруші ретінде емес, бақылаушы, азаматтық бақылаушы ретінде болу шешімін қабылдаса, біздің платформа ашық, толыққанды оқыту, керекті материалдармен жабдықтауға дайынбыз.

 4-ші бағытымыз - келісім. 4-ші саусақ – келісім. Бұл жерде біздің негізгі мақсатымыз - бүкіл үндердің бір платформаларға келіп, ашық түрде кез-келген пікірді, кез-келген сарапшының немесе азаматтың пікірін ашық түрде талқылауға саламыз. Енді өкінішке орай, сіз өзіңіз БАҚ-та жұмыс істеп жүрсіз... Мемлекеттік БАҚ-тар бір сарапшыларға жол береді, әсіресе тәуелсіз сарапшыларға аз уақыт береді. Көп азаматтардың үні шықпай қалады немесе ең бастысы сапалы ақпарат аз, аналитика аз. Қазіргі таңда біз неше түрлі сапалы ақпараттар дайындап жатырмыз, мәліметтер дайындап жатырмыз, инфографиканы дайындап жатырмыз. Осыларды кеңінен таратып, әсіресе тәуелсіз сарапшыларға бір алаңдар құрып, олардың үні, даусы шықсын деп сондай алғышарттарды қамтамасыз етеміз.

 Және соңғы 5-ші бағытымыз ол – сенім бағыты. Сенім дегеніміз бұл өте маңызды нәрсе. Қазіргі таңда сенім дағдарысы деп айтуға болады. Қазақстанда, қоғамымызда өңінішке орай адамдар бір-біріне сенбейді, халықтың билікке сенімі шектеулі. Биліктің ішіндегі адамдардың бір-біріне сенімдері шектеулі. Сенім - бұл сайлау болсын, кез-келген қоғамдағы маңызды әлеуметтік процестердің негізгі фундаменті деп айтуға болады. Сондықтан сенім бағытында біз кез-келген азаматтың, Қазақстандағы кез-келген адамның, үміткерлерге аманатын қалай жеткізеді? Неге десеңіз, өкінішке орай, көп жағдайларда халықтың, кез-келген азаматтың үні шыға алмай қалады да, яғни ол сол үміткерге үнін жеткізе алады ма, аманатын жеткізе алады ма? Яғни үміткерлер мен үміткерлердің штабтарымен тікелей жұмыс істеп: мінекейіңіз, сіз өзіңіздің платформаңызда осыны айттыңыз ғой, осы мәселені көтеріп отырсыз, бірақ біліп жүріңіз, мына жақтағы өңірдегі адамдар немесе мына өңірдегі адамдарға ол мәселе өзекті мәселе емес екен. Ал сіздің айта алмаған, көре алмай жүрген мәселеңіз, мінекей, мынау. Сондықтан көпір сияқты, канал деп айтуға болады. Байланыс, сондай бір алаңдарды құрастыратын боламыз.

- Түсінікті. Саясат мырза, жаңа өзіңіз айттыңыз, бізде қазір саяси мәдениет өте-өте жоғары темппен дамып жатыр деп. Бұрындары да айтылатын әр дауыс маңызды деп. Бірақ оған бізде бір жағынан сарказммен қарайтын, бір жағы скептикалық тұрғыда қарайтын. Әр дауыс маңызды екенін жұрт сезді деп ойлайсыз ба?

Саясат НҰРБЕК, САЯСАТТАНУШЫ:

Бұрын «алыстан көрінген асқар тау, жақындағанда соқыр төбе» болып көрінеді деген. Бәрі өзгеріп кетеді де. Менің пікірімше, қазір Қазақстанда осындай прцесс басталды. Бұл өте күрделі процесс. Өкіншіке орай уақыттың шектеулі болғанынан кейін, қазіргі таңда осы сайлауда толығымен осы процесстің нәтижесін біз әлі толық көре алмаймыз. Украинадағы секілді адамдар барып, белсенді қатысып, кәдімгідей өз пікірлерін білдіріп... Бірақ өте тез өзгерді. Бұл сайлауда болмаса да келесі сайлау менің ойымша мүлде басқа бір модельмен, мүлде басқа бір стандарттармен өтеді. Неге десеңіз ең бірінші фактор - қазіргі таңда жастар оянды. Мен соған өзім қатты ризамын. Қазіргі жастар, біз мына әлеуметтік процесстерді 30-дан асқаннан кейін ғана түсіне бастадық қой. Қазрігі жастар мына болып жатқан процесстердің күрделілігін ішімен сезіп, басқаша әрекет етеді. Оларда қорқу жоқ. Осы сайлауға 2 млн 300 мыңға жаңа, бірінші рет сайлауға қатысатын адамдар қатысады. Ол осы жастар. Олар өседі, олардың саны өседі. Осы кішкене ерекше сайлаудан өтеді. Келесі, осы өткен 5 жылдан кейін осы буын, осы жаңа сайлаушылар, меніңше олардың пікірі басымырақ болады. Және олардың талаптары, олардың ұстанымдары, олардың құндылықтары, олардың мына процесстің қалай ұйымдастырудың өзіне деген пікірлері мүлде басқаша.

- «Өзіміз аз ғана халықпыз ғой, неге бізде көп адам кедей тұрады?», - деп айтады. Мысалы, әлеуметтік теңдік сақталған, шынымен де заң алдында бәрі бірдей мемлекет құруға потенциалымыздың бар екеннін білеміз. Қолдан жасалған дүниелер бар, бір стандарттар дейміз бе... идеялогияларды біз бұза аламыз ғой, солай емес пе? Оның уақыты жақындаған сияқты ма?

САЯСАТ НҰРБЕК, САЯСАТТАНУШЫ:

Меніңше ең үлкен қазір адамдар наразылық білдіретін мәселе, түсінбейтін немесе іште жүрген бір жағымсыз жағдай. Коррупция да емес, парақорлық та емес, ол демократияның азы да емес. Ол осыншама ресурстар болған жағдайда: «біз неге басқа бір деңгейде тұрмаймыз?» - деген сұрақ қой. Бірақ соның өзінде менің үмітім сондай жоғары. Неге десеңіз, осы 30 жылдың ішінде қанша алысып, таласып, аунап бір жерде, бірақ біз өте мықты буын өсірдік. Өте мықты жастарды өсірдік.

Өңірлерде мен қазір жастармен жұмыс істеймін, шыны керек. Мектептегі жастар, колледждегі жастар. Таңғаламын. Басқаша. Көзқарастары да басқаша. Қорқу да жоқ, шектеу де жоқ. Әсіресе, көбі айтады ғой: «Қазақ мектептерінде сондай жабық» -деп. Жоооқ. Жақында ғана Ақкөл деген жерге барғанмын, 4 мектепте 4 жерде дәріс оқығанмын. Қазақ мектебі, орыс мектебі, қазақ мектебі, орыс мектебі. Ең көп ұнағаны, ең көп мықты сұрақ келгені, күтпеген сұрақтар келгені - қазақ мектебі, орта қазақ мектебі. Аналар деген кәдімгідей: «Ағай мен сізбен келіспеймін. Айтқаныңыз дұрыс емес. Қорқақтау екенсіз. Мынаны былай айту керек»,-деп 10-шы, 11-ші сыныптың балалары. Таңғалдым сол жерде.

- Кейбір кезде, білесіз ғой енді... бір пышақтың жүзіндей нәрселерді айтамын. Мен осының барлығын біреуді жамандағым келгеннен немесе процесстерді жоққа шығарғым келгеннен емес, осы жер көктесе, осы жер гүлдесе, менің балам менен артық өмір сүрсе деген ойдан ғана осыны айтып тұрмын деп... Бұл сайлау көп нәрсені төңкеріп тастамаса да, үлкен, жұрт күткен өзгерістердің баспалдағы болады ғой, солай емес пе?

Саясат НҰРБЕК, САЯСАТТАНУШЫ:

Бұл халықтың, қоғамның сана сезімінің өзгеруіне үлес салатын бірінші қадам деп айтуға болады. Яғни осы сайлаудан кейін көресіздер, көп жаңа тұлғалар шығады сахнаға. Көп жаңа қозғалыстар шығады, жаңа партиялар қалыптасады. Неге десеңіз, адамдар бірінші рет түсінді: «О, менің енді күшім бар екен, мен пікірімді ашып айтсам, басымды шаппайды екен. Күн шығады екен, Ай туады екен, өмір жалғасады екен». Ең бастысы, өзгерісті ешкімнен күтпеу керек, өзгерісті өзіңнен бастауың керек. Бітті.

- Рақмет әңгімеңізге, өте тамаша!