Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Сыртқы қарыздың 52 пайызы шикізат өндірісіне тиесілі – Н. Годунова

AstanaTV
21.05.2019ж. 20:00
2568
Сыртқы қарыздың 52 пайызы шикізат өндірісіне тиесілі – Н. Годунова

Сыртқы қарыздың 52 пайызы шикізат өндірісіне тиесілі. Оның ішінде мұнай-газ секторы 75,7 млрд доллар борыш алған. Сыртқы қарызға мемлекет кепіл береді. Бүгін Сенатта бюджеттің атқарылуы жөнінде баяндама жасаған Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова бұған алаңдаушылық білдірді. Айтуынша, мұндай бақуатты сала сырттан өз бетінше қарыз тарта алады. Міндетті қаражатты дамытуға тиісті салаларға көбірек алған жөн дейді. Мәселен сыртқы қарыздың өңдеу өнеркәсібіне небәрі 7 пайызы тиесілі.  

Наталья ГОДУНОВА, ҚР ЕСЕП КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Борыш құрылымында өңдеу өнеркәісібінің қарыз үлесі бар болғаны 7 пайызды, ал құрылыс саласы 2 пайызды құрап отыр. Квазимемлекеттік сектордың жалпы борышы 2018 жылы 36,2 млрд тг-ге немесе 0,3 пайызға өскен.

Айта кетейік, бүгінде сыртқы қарыз 15 трлн, 387 млрд теңгені құрайды. Ол Жалпы ішкі өнімнің 25,8 пайызы. Ал қауіпті меже 60 пайыз. 

Д. Қайыртай