Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

ҚР Президенттігінен үміткер С.Түгелдің сенімді өкілдері кітапханада кездесу өткізді

AstanaTV
21.05.2019ж. 20:00
1728
ҚР Президенттігінен үміткер С.Түгелдің сенімді өкілдері кітапханада кездесу өткізді

Бүгін - мәдениет және өнер қайраткерлері күні. Осыған орай Сәдібек Түгелдің сенімді өкілдері Өскемен қаласындағы кітапхана ұжымымен және жергілікті халықпен кездесу өткізді. Сала мамандарын төл мерекесімен құттықтап, жиналған қауымды үміткердің сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Жиында кандидаттың қоғамдық қызметі мен шығармашылық жолы жайында да баян етілді. Қала тұрғындары «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан президент сайлауына түскен үміткер шынымен де ұлы дала мәдениетін жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосып жүргенін білді. 

Тұрсынбек САҒЫНДЫҚОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ С.ТҮГЕЛДІҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ :

Тілдің тазалығы, тілдің құндылығы. Қазақтың ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын аманаты. Осыған басты көңіл аударып отыр. Қоғамдық орын болсын, жиналыс болсын өзіміздің ана тіліміздің мәртебесін көтеріміз керек.

Жаңабай ӘШІМ, ЗЕЙНЕТКЕР: 

Сәдібек Түгел қазақтың ұлттық ойындарын соның барлығын ұйымдастырып, жүргізіп, шетелдерге дейін, бүкіл Қазақстанымыздың әрбір қаласына көрсеткеніне куәнің бірімін. Өйткені жас ұрпақ қазақтың салт-дәстүрін ұмытпаса екен деген ниет бар. 

Д. Қайыртай