Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Девальвация бола ма, жоқ па?

AstanaTV
22.05.2019ж. 20:00
2773
Девальвация бола ма, жоқ па?

Девальвация бола ма, жоқ па? Бүгін Мәжіліс қабырғасында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бұған қатысты пікірін білдірді. Оның айтуынша, елде ақша-несие және валюта саясаты тұрақты. Алғашқы 4 айда инфляция деңгейі 4,9 пайызды құрады. Бас банкир бұл жоспарлы дәліз деп отыр. Мәжіліс отырысына Алматыдан келетін Ұлттық банк төрағасы бас қаржы институты елордаға көшірілетінін айтты. Бұған дейінгі әріптестері бірнеше жыл бұрын көтерген мәселені Ерболат Досаев ұзаққа қалдырмаймын деп отыр. 

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫ:

2020 жылы құрылатын Қаржы нарығын реттеу мен даму агенттігі Алматыда болады. Ал заң қабылданса, Ұлттық банкті Нұр-Сұлтан қаласына көшіруді жоспарлап отырмыз. 2-3 жылдық ұзақ мерзімді қарастырып отырған жоқпын. Жақын аралықта деп отырмын.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Бүгін еліміздің әлеуметтік, экономикалық бағытын күшейту үшін тағы бір нақты қадам жасалынды. Себебі осы заң жобасы бойынша елімізде қаржы нарығын реттейтін жаңа мемлекеттік орган құрылатын болады. Ол барлық қаржылық қызметтерді тиімді жүзеге асыруға жол ашады.

Г. Меңдеева