Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Нұр-Сұлтанда 11-ші «Sulpak» дүкені ашылды

AstanaTV
23.05.2019ж. 20:00
3308
Нұр-Сұлтанда 11-ші «Sulpak» дүкені ашылды

Төрт күн бойы ең төмен бағалар. Бүгін EXPO маңында жаңа дүкеннің ашылуына орай «Sulpak» компаниясы 50 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынып отыр. Аумағы мың шаршы метрді құрайтын дүкенде тұрмысқа қажетті, соңғы үлгідегі техниканың барлығы бар. Толығырақ, ашылу салтанатында болған тілшіміз Әлішер Өмірзақ жалғастырады. 

Республика бойынша 120-шы, астанадағы 11-ші Sulpak дүкенінің ашылу салтанатына келген тұтынушылардың қарасы қалың. Тұрмыстық техника, соңғы үлгідегі ноутбук немесе смартфон, әркім өз қалаған тауарын тауып, арзан әрі жеңілдікпен алып жатыр.  

Әзімбек ЖҰМАҚҰЛОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Жаңалықтардан естідік, жаңа бір «Sulpak» ашылып жатыр екен. Баяғыдан білеміз, таңдау бар, смартфон, ноутбук жағынан. Соған бір ноут бук алу үшін келдік. Өте бір ыңғайлы науқаны бар екен.

Ботагүл УАТАЕВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Бірінші рет келіп тұрған жоқпын осы дүкенге. Осы мультиварканы алып, балаларым үйде тамақ істеп отырсын деген себебім.

Дүкенде барлыңы 17-і қызметкер бар. Күніне кемі 250 түрлі техника сатады. Мұнда керегіңізді тауып, дұрыс таңдау жасауға көмектесетін сату жөніндегі кеңесшілер де арнайы оқудан өтеді.  

Ақжол САПАРБЕКОВ, САТУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІ: 

Біздің, сату кеңесшісінің ең басты мақсаты-біздің сатып алушыларды көңілсіз қалдырмау. Біз ол үшін әр апта сайын оқулардан өтеміз арнайы және 4 ай сайын оқуларда өткен материал бойынша тестте жауап береміз. Сондықтан да біз өзіміздің сатып алушыларымызға ең әдемі, ең қызықты, ең көрнекті сервисті жасаймыз.

EXPO аумағында ірі электроника дүкендері аз екенін ескерген компания әкімшілігі, халыққа қолайлы жағдай жасауды көздегенін айтады.    

Елена РОМАНОВА, № 22 214 «SULPAK» ДҮКЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Экспо аумағы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі. Сондықтан техника іздеген адамға қолайлы болсын деп осында аштық. Мұнда кез-келген қажетті техникаңызды таба аласыз. Жеңілдіктер де өте көп. 2019 жылғы соңғы үлгідегі тауарларды да бірінші болып сатылымға қойып отырмыз.

Әлішер ӨМІРЗАҚ, ТІЛШІ:  

Жаңа дүкеннің ашылуына орай арнайы акция мен жеңілдіктер 4 күнге жалғасады. Сапалы техника - артық шығынсыз деген компания өкілдері нарықтағы ең арзан баға бізде дейді.

Ә. Өмірзақ