Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Батыстың ықпалы мен жалған құндылығынан бас тарту қажет-ҚКХП

AstanaTV
23.05.2019ж. 20:00
1866
Батыстың ықпалы мен жалған құндылығынан бас тарту қажет-ҚКХП

Батыстың ықпалы мен жалған құндылығынан бас тарту қажет. Өңірлерді аралап жүрген Коммунистік халық партиясының өкілдері жастармен жүздесуде осылай деді. Олар Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтың сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, үгіт-насихатты жалғастырып жатыр. Студенттердің шәкіртақысын өсіруді де алға тартқан. Жұмыссыздықты жою үшін жастарға алғашқы кепілдендірілген жұмыс орнын енгізу қажет,- дейді. 

Алуа САҒАТ, СТУДЕНТ :

Түрлі үйірмелер ашылса екен деймін. Біздің шәкірақымызды көтерсе екен деймін. Өйткені қазір барлық нәрсе қымбаттап жатыр. Шынымызды айтсақ, ол бізге жетпейді.

Нұрлан ҚАДЫРҚҰЛОВ, ҚКХП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ КОМИТЕТІНІҢ БІРІНШІ ХАТШЫСЫ :

Негізгі біздің партияның ұстанымы - жоғары білім, арнайы білім алған мамандарды нақты жұмыспен қамтамасыз етуді мемлекеттік деңгейде шешу. Екінші жастарды Қазақстанның болашағымен байланыстырып, жастарды Батыстың теріс ағымдарды тоқтатып, отандық патриоттық сезімді ояту.

А. Бектас